МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

практических навыков по патологической анатомии IIэтапа экзамена.











Модуль «Нервная система»
1.Жұлын түйінінің кесіндісі. 188.Бояуы Гемотоксилин-эозин 1.жұлын түйінінің капсуласы 2.псевдоуниполярлы нейроциттер 3.мантия глиоциттері 4.миелинді нерв талшықтары   Жұлын түйінінің сырты дәнекер тінді капсуламен тысталған.Капсуладан түйіннің ішіне қарай өте нәзік БТҚДТ перделер тарайды.Осы перделер арқылы түйінге капсуладан қан мен лимфа тамырлары мен нервтер өтеді.Жұлын түйініндегі нейрондар-псевдоуниполярлы, ал қызметі жағынан сезімтал нейрондар тобына жатады.Бұлар түйін шетінде орналасса,ал талшықтары түйіннің ортасында орн-ды.Түйін нейрондары ірі ашық және күңгірт түсті болып келеді.Ұсақ күңгірт түсті нейрондар вегетативті рефректорлы доғалардың жасушалары болса,ірі ашық түсті нейрондар соматикалық болып табылады.Псевдоуниполярлы нейрондардың денесінен бір өсінді шығып ,кейіндеу екіге бөлінеді.(Т әріпі тәрізді.)Дендриті шеткі мүшелерде сезімтал нерв ұштарын немесе рецепторларды түзіп аяқталады.Негізгі орталық өсіндісі-аксон--->жұлынның артқы түбіршегі арқылы жұлыынға бағытталып,сұр заттағы нейрондармен синапс түзеді.Аксондардың біразы жұлынды бас миымен байланыстырады.Нейрондардың денесін глиальді жасушалар қоршайды.Глиальді жасушалардың сыртын дәнекер тіні қоршайды--> мұны мантийлы қабық дейді. Миелинді нерв талшықтары шеткі нерв талшығына жатады.  
2Шеткі нервтің кесіндісі 191.Бояуы Күміспен импрегнацияланған   1.нерв жасушасының денесі 2.аксон    
3Жұлынның кесіндісі 194.. Күміспен импрегнацияланған 1.алдыңғы орталық саңылау 2.ақ заттың алдыңғы бағанасы 3.сұр заттың алдыңғы мүйіздері 4.бүйірлік бағана 5.бүйірлік мүйіз 6.артқы мүйіз 7.артқы бағана 8.орталық өзек 9.артқы сұр байлам 10.алдыңғы сұр байлам(комисууральды жолдар) Жұлынның алдыңғы , артқы, және бүйірлік бөліктерін ажыратады.Әрбір омыртқа деңгейінде жұлын сегменттерге бөлінеді.Жұлын барлығы 31 сегменттерден тұрады.Сегмент-жқлынның құрылымдық қызметтік белгілері болып есептеледі.Жұлынның көлденең кесіндісінде оның ақ және сұр заты ажыратылады.Сұр заты ақ заттың ортасында орналасып,Н әрпіне немесе көбелекке ұқсайды.Олар көлденең кесіндіде алдыңғы,артқы және бүйірлік мүйіздерді құрайды.Жұлынның ақ заты көбінесе миелинді жәнеи миелинсіз нерв талшықтарынан және тіректік нейроглиялдық аппаратынан құралған.Жүлынның сұр затындағы нейрондар топтаса орналасып жұлындағы ядроларды түзеді.Жұлын ядролары бірнеше топқа бөлінеді:түбіршектік-бұлардан шыққан аксондар жұлынның алдыңғы мүйізімен бірге жұлыннан шығады,ішкі жасушалары-бұлардың өсінділері жұлынның сұр затының өзінде синапстар түзеді,шоғырлыжасушалар-аксондары нерв импульсін жұлынның ақ затына,сегменттеріне,тіпті бас миына өткізетін өткізгіш жолдарын түзеді. Жүлынның артқы мүйізінің құрамында кеуекті қабаты , желатин тәрізді заты немесе қоймалжың заты, артқы мүйіздің меншікті ядросы мен көкірек ядросы орын алады.Артқы және бүйір мүйіздереінің ақ затынының арасында тор түрінде еніп жатқан сұр заттың бір бөлігі бар.Кеуекті қабаты жұлынның артқы мүйізінің құрамында орналасқан майда қыстырма глиальді нейрондар тобынан тұрады.Желатинді заты – глиоциттерден және аздаған майда нейрондардан тұратын,жұлынның 1-6 қабаттарында орналасатын құрылым. Жұлынның артқы мүйізінің құрамында көптеген шашырап орналасқан қыстырма нейрондар да бар.Артқы мүйіздің меншікті ядросының құрамындағы нейрондардың аксондары жұлынның ақ затына өтіп,вентральді жұлын-мишық,жұлын-талам жолдары арқылы мишыққа және көру төмпешігіне бағытталады.Жұлынның аралық аймағында медильді және латеральді аралық ядролары орын алады.Жұлынның алдыңғы мүйізінің құрамында жұлынның ең ірі, диаметрі 100-150мкм нейрондары орын алады. Қызметі: Рефректорлы;Өткізгіштік;Эндокриндік
4.Мишықтың кесіндісі 199. Бояуы Күміспен импрегнацияланған 1.молекулалы қабаты 2.ганглионды қабаты 3.дәнді қабат 4.ганглионды нерв(Пуркинье жасушалары) жасушалары 5.ақ заты Мишықтың ақ және сұр затын ажыратады.Сұр заты-мишықтың қыртысынан және үш жұп ақ затта орналасқан ядролардан құралған.Мишықтың ақ затында үш ядролары мидың сұр затынан түзіледі. 1.Шатра ядросы 2.Аралық ядро 3.Тіс тәрізді ядро Мишықтың қыртысы 3 қабаттан тұрады:молеклярлы,ганглионарлы ,дәнді. Молекулярлы қабаттың құрамында екі түрлі нейрондар болады.Олар себет тәрізді,жұлдыз пішінді нейрондар.Себет тәрізді нейроциттері молекулярлы қабаттың 1/5 ішінде 1/3 бөлігін алып жатыр.Бұлардың дендриттері мишық қыртысына параллель,ал аксондары төиенгі қабатта орналасқан алмұрт тәрізді нейроциттердің денесін себет тәрізді қоршап, қзіне тән синапс түзеді.Жұлдыз тәрізді нейрондар молекулярлы қабаттың үстінеи жақын орналасады. Алмұрт пішіндес нейрондардан ассоциативті эфференті жсушалар бастау алған. 2-3 тармақталған дендриттер,аксоны тармақтала отырып көршілес алмұрт тәрізді нейрондарен синапс түзеді.Ал аксонының негізгі тармағы мишық ядроларымен синапс түзеді. Дәнді қабаттың құрамында 3түрлі нейрондар топтамасы болады:-Ең көп кездесетін дән тәріздес нейрондар - Ірі дән тәрізді Гольджи жасушалары - Горизантальді жіп тәрізді нейрондер Қызметі:Дене тепе теңдігін сақтап тұрады;Бұлшық ет онусын сақтайды; Артикуляцмяны қалыпқа келтіреді;Сегменттік вегетативтік нерв орталықтарының құрамына кіреді.  
  5.Үлкен мидың сыңарларының кесіндісі 203. Бояуы. Күміспен импрегнацияланған     1.мидың жұмсақ қабығы 2.молекулалы қабық 3.сыртқы дәнді қабық 4.приамидалар қабаты 5.ішкі дәнді қабат 6.ганглионды қабат     Үлкен ми жарты шарлары ақ және сұр заттан тұрады. Сұр заты мидың сыртын қоршайтын ми қыртысын құрайды.Ми қыртысындағы нейрондар-мультиполярлы,көбі приамидальді,бұдан басқа пішіні жіп тәрізді және жұлдыз тәрізді де нейрондар баршылық. Препараттан шекарасы анық білінбейтін қабаттарды көруге болады:Молекулярлы қабатында нейрондар аз,керісінше горизонтальді орналасқан көптеген талшықтары болады.Бұл қабатқа мидың басқа қабаттарынан келеген дендриттер шоғыры бар.Майда жіп тәрізді нейрондар қыртыс бетіне парарель бағытта орналасады. -Сыртқы дәнді қабаты майда нейрондардан тұрады:пирамида тәрізді,жұлдызша тәрізді,сопақ.Пирамидальді нейронның жоғарғы ұшындағы дендриттер молекулярлы қабатқа бағытталған,бүйіріндегі нейрондар осы қабатында тармақталса,ал аксоны ақ затқа өтіп қайтадан қыртысқа келеді де кортико-кортикальные нерв талшықтарын түзеді.Пирамдалы нейрондар қабатында майда нейрондар беткей жатса, ал орташа нейрондары терең жатады.Аксоны ақ затқа өтіп корткио-кортикальді талшықтар түзеді де, қайтадан қыртысқа келіп молекулярлы қабатқа қарай бағытталады.Ішкі дәнді қабатындағы нейрондар жұлдыз тәрізді болып келеді.Осы қабаттағы нейрон дендриті молекулярлы қабатқа бағытталса,ал аксоны ақ затқа өтеді.Негізгі қызметі: сенсорлық.Бұл қабатта сыртқы Белларже жолғы болады таламокортикальді талшықтардың ең негізгі құрамы аяқталған нерв талшықтары.Ганглионды қабатынан біз алып пирамидалы Бец жасушаларын көреміз.Нейрондардың жоғары ұшынан таралған дендриттері ми қыртысының молекулярлы қабаттарына өтеді.Бүйір бөлігінің дендриттері көршілес дендриттерімен синапс түзеді.Ал аксоны мидың ақ затын өтіп кортико-жұлын жолдарын түзеді.Полиморфты қабаты пішіні,өлшемі әр түрлі нейрондардан қалыптасқан. Қызметі:Хабарды реттеу;жауап реакциясының жүйеленуі;қозғалыс командасы;әс-әрекеттің барлық күрделі түрлерінің интеграциясы жүреді;(қарым-қатынас,жаңалық ашу,ойлау т.б)
Модуль «Эндокринная система»
6.Гипофиздің кесіндісі 229.Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.алдыңғы бөлімі 2.гипофиз саңылауы 3.ортаңғы аралық бөлігі 4.артқы бөлігі 5.ортаңғы бөлігінің псевдофолликулдары Гипофиз аденогипофиз(алдыңғы,аралық,туберальді) бен нейрогипофизден(артқы бөлігі) тұрады.Аденогипофиз ауыз қуысының жоғарғы бөлігіндегі гипофизарлы қалтасынан бастау алады.Аденогипофиздегі гормон бөлетін жасушалар эпителиальді,ал нейрогипофиздегі жасушалар нейроглиальді.Аденогипофиздын алдыңғы бөлігі – тор түрінде орналасқан тығыз эпителий жасушаларының тізбектерінен тұрады.Жасушалар тізбектерінің арасын БТДТ мен синусоидты капилляр жүйесі толтырып жатады.Бездік эндокринді жасушалар топтамалары бар трабекулалар орын алады.Бұлардың бірі-хромафильді эндокриноциттеррі болса,екіншісі трабекула ортасын ала секреторлы түйіршіктері нашар боялатын-хромофобты эндокринд жасушалар.Хромафильді жасушалар цитоплазмасндағы секреторлы түйіршіктердің боялу қабілетіне байланысті базофильді және оксифильді болып бөлінеді.Базофильді эндокриноциттер гонатропты гормондардың биосинтезіне байланысты өсіп отыратындықтан гонадотропоциттер деп атаған.Бұлардың бірі-фоллитропин гормонын,ал екіншісі лютропин гормонын синтездейді.Базофильді эндокриноциттердің екінші түрі тиротропин гормонын бөледі.Ацидофильді эндокриноциттер бездің алдыңғы бөлігінің 30-35%құрайды.Пішіні дөңгелек кейде сопақша болып келеді.Бұларда екі топқа бөлінеді:соматотропоциттер бөлетін гормоны-соматропин өсу реттейді.Ал екіншісі-маммотропоциттер немесе пролактин сүт безінің сүттену процесіне немес биосинтезіне қатысады.Хромофильділердің келесі бір түрі-картикотропты эндокриноциттер аденогипофиздің көбінесе орталық бөлігінде орналасады.АКТГ немесе кортикотропты гормон синтездейді.Хромофобты эндокриноциттер бояуды нашар сіңіретін, секреторлы түйіршіктері анық білінбейті,аденогипофиздің 60% құрайды.Хромофобты эндокриноциттер қызметін толық атқарып,секреторлы түйіршіктерінен айрылған эндокриноциттер. Аралық бөлігінен синтезделетін гомондар:меланотропин мен липотропин.Аденогипофиздің туберальді бөлігі – гипофиз аяқшасына жақын орналасқан пішіні куб тәрізді эпителиальді тізбектер топтамасынан тұрады.Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз эпиндимоциттерден түзіледі.Бұларды питуициттер дейді.Пішіні өсінділі,не жіпше түрінде болып келген.Гипофиздің артқы бөлігі-антидиуретикалық гормон вазопрессин мен окситоцинді жинайды.Бұл гормондар гипоталамустың алдыңғы ядроларынан синтезделінген.Қызметі:Аденогипофизге тәуелді эндокринді бездердіңқызметін реттейді;Вазопрессин мен окситоцинді жинайды;пигмент пен май алмасуын реттейді;өсу гормондарын синтездейді;
7.Қалқанша және қос қалқанша безінің кесіндіс 237.Бояуы. .Гематоксилин-эозин 1.қалқанща бездің фоллиулдары 2.бөлікшеаралық дәнекер тінді перделер қан тамырларымен Қалқанша безі – бөлшектенген , парехиматозды мүше .Без стромасын ТТҚДТ капсуладан,одан тараған трабекула мен перделерден тұрады.Перделер безді бөлшектерге бөледі.Ал без паренхимасы фоллткулдар мен фолликула аралық аралшықтардан тұрады.Қалқанша бездің құрылымдық қызметтік бірлігі – фоллткулдары.Бұлардың құрамында екі түрлі жасушалары болады:-тироциттер -Парафолликулалаы С-жасушалары; Аталмыш жасушалар базальді мембранаға бекініп,фоликулла қабырғасын түзуге қатысады.Бірақ С-жасушаларының апикальді полюсі фолликула қуысына жетпейді.Фолликулдар-іші қуыс,мөлері әр-түрлі, шар тәрізді немесе аздап созылған көпіршік тәрізді түзілістер.Фолликулдың қабырғасын түзетін тироциттердің секреторлы өнімі-коллоид.Коллоид-тироглобулиннен тұратын қоймалжың,аморфты желатин тәрізді зат.Коллид құрамында үшйодты тиронин тироксинмен байланысқан тироглобуллин болады.Бұл гормондар ағзада гормондарға қажеттілік туғанда қанғ бөлінеді.Тироциттердің пішіні бездің функциональді белсенділігіне байланысты өзгеріп отырады.Пішіні-куб тәрізіді,апикальді полюсінде микробүрлері болады.Органеллалары жақсы дамыған.Тироциттер без функциясына байланысты өзгереді: гиперфункцияда пішіні призма тәрізді, ал гипофункцияда – пішіні призмалы болады. Фолликулярлы жаушалардан Т3 және Т4 гормондары синтезделеді.Бұл гомондар йод алмасу процесіне қатысады.Безде сонымен қатар Кальцитонин синтезделеді. Қызметі:гормон бөлу;тиреоидты гормондар;
8.Бүйрекүсті безінің кесіндісі 234.БояуыАзокармин 1.капсула 2.шумақты аймақ 3.шоғырлы аймақ 4.қыртысты заттағы жасуша тізбектерінің арасындағы дәнекер тіні   Бүйрек үсті бездері паренхиматозды мүшелерге жатады.Сырты ТТҚДТ –ді капсуламен қоршалған.одан тараған перделер без стромасын түзеді. Ал бездер паренхимасын қыртысты затында – кортикоциттерден , ал боз затында-хромаффиноциттерден тұрады.Б.ү.б анық көрінетін шеткі қыртысты және ортаңғы боз затын ажыратуға болады.Өз кезегінде қыртысты затын бірнеше аймаққа жіктеледі: Субкапсулярлы аймағы өте майда,аз маманданған бездің қыртысты бөлігінде камбиальды қызмет атқаратын кортикоциттерден тұрады. Шумақты аймағы құрамында шумақ түзетін кортикоциттері болады.цитоплазмасында аздаған ғана липид қосындылары менхолестерин болтыны белгілі.Қызметі:минералокартикоидтардың синтезіне қатысады. Суданфобты аймығы Шумақты аймаға мен шоғырлы аймақтардың арасында орналасқан жіңішке жолағы. Судан бояуымен боялмайтын, митоз сатылары жақсы көрінетін аймағы.Қызметі:қыртыстың регенерациясына қатысады Шоғырлы аймағы бездің қыртысты затының 75% құрайды.Өте ірі оксифильді боялған, кортикоциттері көптеген баулар түзіп орналасады.Бұл аймақтың құрамында:күңгірт және ашық түсті қыртысты кортикоциттер болады.Шоғырлы аймақтағы кортикоциттердің ерекшелігіне жасушалардың цитоплазмасында жақсы дамыған кристалдары,ірі митохондрийдың болуы тән.Келесі бір ерекшелігі:цитоплазмасында липидті қосындылардың болуы стероидты гормонның биосинтезіне қажетті аскорбин қышқылының болуы тән.Қызметі: глюкокортикоилтарды- кортизон мен кортизол өндіру. Торлы аймағы:өте майда тор түзіп орналасқан кортикоциттерден тұрады.Цитоплазмасында лизосомалар мен липофусцинді түйіршіктері болады.Бұл аймақта глюкокортикоидтар мен аталық жыныс гормондары синтезі жүреді. Б.ү.б боз заты бездің қыртысты затынан БТҚДТ-нен тұратын жіңішке капсула арқылы шектеседі.Жасушалары хромаффиноциттер д.а.Бұл эндокриноциттер хромтұздармен жақсы боялады да екі топқа жіктеледі:Адреналин синтездейтін ірі,ашық түсті А-жасушалары; б)күңгірт түсті,майда,тығыз түйіршіктері бар,НА-жасушалары норадреналин синтезіне қатысады. Қызметі:Су мен тұз алмасуын реттеу;Глюкокортикоидтарды синтездеу;Жыныс гормондарын – андрогендерді өндіру;Катехоламиндер синтездеу;  
9. Ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары 307 сурет.Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.бөлікшеаралық қан тамырлары 2.панкреатты аралшық 3.ацинустар 4.өзек 5.бөлікшеаралық дәнекер тіні Ұйқы безі-паренхиматозды, бөлшектенген мүше.Стромасы-висцеральді іш пердесімен бірігіп кеткен капсуладан және капсуладан тараған трабекуладан тұрады.Бұлар БТҚДТ-нен түзілген.Трабекулалары безді бөліктерге бөледі.Бездің бұл трабекулаларының құрамында экзокринді бөліктерінің секретшығаратын өзектері,нервтер,қан тамырлар,Фатер-Пачини денешігі орын алады.Без паренхимасын-ацинустардан,секреторлы өзектер менЛангерганс аралшықтарынан түзіледі.Қатынасы97:3 Ұйқы безінің экзокринді бөлігі күрделі алвеолярлы-түтікшелі, белокты.Бездің экзокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі-ацинустары.Олар8-12 ацинозды жасушалар мен центроацинозды ациноциттерден тұрады.Ацинозды жасушалардың пішіні конус тәрізді ,полярлық қасиеттерге ие.Базальді полюсімен базальді мембранаға бекінген, жасушаның жалпақтау болып келген базальді полюсі негіздік бояулармен көк түске боялатын-гомогенді полюсі.Гомомгенді полюсінде жасуша ядросы,күшті дамыған ЭТ,ГК,митохондрийлер орналасқан.Апмкальді полюсінде қышқылдық бояулармен қызыл түске – зимогенді боялыпғзимогенді полюсі деп аталады.Бұл полюсінде зимогенді түйіршіктер – проферменттер болады.Орталық ацинозды жасущалар бездің қыстырма өзектерін тыстайды.Центроацинозы жасушалардың цитоплазмасы ашық түсті органелласы аз,пішіні жалпақ кейде куб тәрізді.Ұйқы безінің секреторлы өзектері мына ретпен орналасады:қыстырма өзек-> ацинус арқылы өзек->бөлік ішкі өзек ->бөлік аралық өзек ->жалпы секрет шығаратын өзек.Бездің эндокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі-Лангерганс арлшықтары.Ацинустарда аталған аралшықтар БТҚДТ перделер арқылы шектелген және гистологиялық препараттарда бояуы экзокриндік бөлігіне қарағанда ашық түсті.Аралшық жасушалары-инсулиноциттер.Бұлардың арасындағы БТҚДТ перделерінде гемокапиллярлар орналасқан.Инсулиноциттер бояуды алу қабілетіне байланысты топтарға жіктеледі:А-ацидофильді,Д-дендритті,В-базофильді,Д1-аргирофильді,РР-жасущалары.Эндо- және экзокринді бөліктерінен басқа ұйқы безінің құрамында аралас инсулоацинозды жасушалар бөлігі болады.
10.Тимустың кесіндісі 219.Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.тимус бөлікшесінің боз заты 2.тимус бөлікшесінің қыртысты заты 3.қан тамырлары 4.бөлікшеаралық дәнекер тіні Тимус-лимфоцитоз бен иммуногенездің орталық мүшесі.Сүйек кемігінен келген Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашары тимуста дамып,ағзадағы гуморальды иммунитетті реттейді.Тимус-паренхиматозды бөлшектенген мүше.Сырты ДТ капсуламен қоршалған,капсуладан перделер тарап , тимус паренхимасын бөліктерге бөледі.Әрбір бөліктерін ретикуло-эпителиоциттер құрайды.Пішіні өсінділі ,тіректік демеуші жасушалар мен эпителиальды дендритті жасушалардан тұрады.Тимуста секреторлы және приваскулярлы эпителиоциттер бар екені белгілі.Бұл жасушалар гематотимустық барьерды түзуге қатысады.Тимустың әрбір бөлігі қыртысты және боз затынан тұрады.Қыртысты заты субкапсулярлы немесе сыртұы және қыртыстың ортасына жатқан аймағынан қалыптасқан.Қыртыстың капсула асты аймағанда сүйек кемігінен келген Т-тимоциттер тіректік жасушалармен тығыз байланысыпғТ-лимфобласттарға айналады.Т-лимфобласттар тіректік жасушалар бөлетін тимозин,тимопоэтин гормондарының әсерінен пісіп жетілген Т-лимфоциттрге айналып,жасушалық арнайы рецепторға ие болады.Тимуста мұндай лифоциттердің жаңа түрлері әрбір 6-9 сағатта пайда болып отырады.Пайда болған Т-лифоциттер бірден қанға өтіп отырады.Қан ағымынан бұлар шеткілимфапоэздік мүшелерге : лимфа түйініне,көк бауырға өтіп пісіп жетіледі де субкластарға айналадыà киллер,хелперлар,супрессорлар.Қыртысты заттағы жасушалар мен қан капиллярларының арасында гематотимустық сүзгі – барьер орналасады.Бұл сүзгі құрамында:капиллярлар қабырғасындағы эндотелиоциттер мен перициттер,эндотелиоциттер бекінген базальді мембрана,перикапиллярлы кеңістік. Боз затының құрамында ДТ стромасы мен ретикулоэпителиоциттер мен лимфоциттер болады.Боз затында гематотимустық сүзгі болмайды.Тимустың аталған затында эпителиальды Гассаль денешігі болады, бұлар бірін-бірі қоршап орналасқан эпителиоциттердің жиынтығы. Қызметі:Иммуногенездің орталық мүшесі-Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді; Гормондар
11.Көк бауырдың кесіндісі 227.Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.сірлі және талшықты қабаттары 2.трабекулалар 3.қызыл пульпа 4.ақ пульпа 5.фолликулдардың реактивті орталықтары 6.орталық артериялар Көкбауыр-паренхиматозды аймақталған мүше.Сырты мезотелиймен тысталған,ДТ-ді капсуламен қоршалған.Капсуладан мүшенің ішіне БТКДТ трабекула тарайды.Капсула мен трабекула көкбауырдың тіректік – жиырғыш апаратын түзеді.Ал қалған бөлігін ретикулярлы тін түзеді.Бұл аталғандар көкбауырдың стромасы болса,ал лимфоидты жасушалар паренхимасын түзеді.Көкбауыр өызыл және ақ пульпадан тұрады. Ақ пульпасы-орталық артериясын қоршай орналасқан лимфоидты фолликулдер.Осы фолликулдың лимфа түйініндегі фолликулден айырмашылығы: лимфа түйіндерінде тек В-аймағы болса,көкбауырда Т және В-аймақтары болады.Әрбір фолликулдың түрлі аймағын ажыратады: -реактивті немесе көбею орталығы -Мантийлі немесе В-лимфоциттер аймағы -Маргинальды аймағы -Орталық артерия маңындағы периартериалды аймағы. Көбею орталығында фолликулярлы дендритті жасушалар мен даму сатысындағы В-лимфоциттер орын алады.Мантийлі аймағында Т және В-лимфоциттердің кооперациясы мен В-зерде жасушаларының жиыетығы орналасқан.Париетальды аймақта бос макрофагтар мен интердигитатты жасушалар болады.Бұлар қанна келген АГ жояды.Париетальды және мантийлі аймағында сыртынан маргинальды синус қоршайды.Көкбауырдың қызыл заты пульпалық синустардан,баулардан тұрады.Пульпарлық баулардың негізін ретикулярлы тін түзеді.Ретикулярлы жасушалардың арасында ескірген эритроциттер,түййіршікті,түйіршіксіз лейкоциттер,әр түрлі даму сатысндағы плазмоциттер орын алады.Пульпарлық баулардың қызметі:ескірген эритроциттердің қалдықтарын жояды;Плазмоциттер пісіп жетіледі;Зат алмасу процесі жүреді.  
12.Лимфа түйінінің кесіндісі 223. .Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.қыртысты зат 2.лимфа түйіншектерінің реактивті орталықтары 3.боз заты 4.боз зат баулары     Жұмсақ бауларының негізін В-лимфоциттер,плазмоциттер,макрофагтармен ретикулярлы тін түзеді.Қызметі:Қан түзуге қатысады;Барерьлік қорғаныс қызметі;Дренаждық қызметі;Лимфаның қоры;Зат алмасуға қатысады. Лимфа түйіні паренхиматозды аймақталған мүше .Құрамында көптеген коллаген талшықтары барБТҚДТ –ді капсуладан тұрады.Лимфа сұйығының жылжуына септігін тигізетін миоциттер болады.Сонымен қатар нерв сабауы,оның ұштары мен Фатер-Пачини денешігі де баршылық.Трабекулалар капсуладан тарайды да,лимфа түйінінің қаңқасын түзеді.Мұның да құрамында миоциттер болады.Капсула мен перделердің арасында толтырып жатқан ретикулярлы тін капсуласы,перделері мен ретикулярлы тін лимфа түйінінің стромасые құрайды.Ал лимфа түйінінің паренхимасын лимфоидты жасушалар қалыптастырады.Лимфа түйінінде :шеткі-қыртысты және орталық боз заттарын ажыратады.Қыртысты және боз затының арасында қосқыртысты аймағы орын алады.Қыртысты зат-лимфоидты тіннен түзілген , құрамында көптеген фоллткулдары мен фолликула аралық бөлігі бар аймақ.Лимфоидты фолликулдар мөлшері мм-ге дейін болатын,дөңгелек пішінді түйіндер.Бұлар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді,айырмашылығы – реактивті көбею орталығында.Біріншілік фолликулдар –В – лимфоциттер мен фолликулярлы дендритті жасушалардан тұрады.Антигенмен байланысқан соң бұлардан екіншілік фолликулдар түзіледі.Пайда болған фолликулдардың құрамында реактивті орталаға мен шеткі мантийлі аймақтары пайда болады.Мантийлі немесе корона тәрізді аймағы В зерде жасушалары мен В-лимфоциттерден тұраы.Реактивті немесе көбею орталығы ашық және күңгір ттүсті аймақтарға жіктеледі.Күңгірт түсті аймағы қос қыртысыт бөлігіне бағытталып орналасқан.Мұндағы жасушалары митоз жолмен бөлініп,ашық түсті аймағына ауысып пісіп жетіледі.Лимфа түйінінің боз затының құрамында :жұмсақ баулары мен аралық синустары орын алады.Жұмсақ баулары В-лимфоциттерге тәуелді аймағы болып саналады.Мұнда плазмоциттердің толық пісіп жетілуі жүреді.Пісіп жетілген плазмоциттер лимфаға АД бөліп отырады.Жұмсақ баулардың сыртын жұмсақ баулардың сыртын синустар қоршап тұрады. Синустары:капсула асты мен фолликулдар арасындағы-аралық, боз затындағы трабекулалар мен баулар арасында орналасқандары орталық болып бөлінеді.
13.Таңдай бадамша безінің кесіндісі 281. .Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.бадамшаның крипталары 2.көп қабатты жалпақ эпителий 3.меншікті пластинкасында лейкоциттер шоғырланып топталған ауыз қуысының кілегейлі қабығы 4.лимфа фолликулдары 5.лейкоциттер шоғырланып топталған эпителий бөлігі   Таңдай бадамшалары-сопақша келген екі денешік түріндегі құрылым,кілегей қабығында бірнеше қатпарлары болады.Кілегей қабығы эпителийі көп өабатты мүйізделмеген ,құрамында эпителийдің меншікті пластинкасына енген - Шақты лакуналар немесе крипталар түзеді.Лакуналардың біразы тармақталып та кетеді.Лакуналары тыстайтын эпителиінде көптеген лимфоциттер,макрофагтар,плазмоциттер қоныстанған.Қабыну процесі кезінде лакунаға ірің жиналады,оның құрамында тіршілігін жойған лейкоциттер,эпителиоциттер,микроорганизмдер болады.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында лимфоидты түйіндер орын алады.Лимфоидты түйіннің орталық бөлігі ашық түсті лифоциттердің көбею орталығы, ал мұны қоршаған корна тәрізді мантийлі аймағы .Мантийлі шеткі аймағының құрамында еске сақтау жасушалары В-лимфоциттері болады.Лимфоидты фолликулдардың құрамында макрофагтар мен фолликулярлы дендритті жасушалар да болады.Миндалиналардың сыртын қоршайтын капсуласы-кілегей асты құрылымындағы ДТ. Қызметі:Антигенге тәуелді Т мен В-лимфоциттердің дифференциялануы жүреді;Барьерлік-қорғаныс;Цензорлық қызметі-тағамның микрофлорасының жай-күйіне бақылау жасайды.
  14.Миокард(функциональді талшықтары) 215.Бояуы Азокармин.     1.функциональды талшықтарға біріккен жиырылғыш кардиомиоциттер 2. ҚТБДТ мен қан тамырары 3.тамырлыр 4.функциональды талшықтардың аралығындағы анастомоздар   Жүрек-қан мен лимфа айналымдарының орталық мүшесі.Қабырғасы қуысты мүшелерге тән,үш қабықтан тұратын паренхиматозды мүше Қабықтарының ішіндегі ең қалыңң-миокард.Миокардтың стромасы мен паренхимасын ажыратуға болады.Стромасы-БТҚДТ мен қан тамырлары, ал паренхимасы-кардиомиоциттері болып саналады.Миокард- жүректің қызметіне жауапты,әрі ең мықты қабаға.Жүректің ет қабығы – миокардтың құрамында үш түрлі кардиомиоциттер болады: -Жұмысшы немесе жиырылғыш; -Өткізгіш -Секреторлы Миокардтың көп бөлігін жұмысшы немемсе жиырылғыш кардиомиоциттер құрайды.Пішіні төрт бұрышты,ұзындығы -50-120 мкм ені 15-20 мкм.Кардиомиоциттердің сырты сарколеммамен тысталған.Сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембранасы болады.Сарколемманың сырты коллаген,эластин талшықтармен байланысып , кардиомиоциттердің сыртұы қаңқасын түзеді. Кардиомиоциттердің базальді мембранасында Са+ байланысатын көптеген гликопротеиндер болады.Қарыншадағы кардиомиоциттердің ерекшелігі:пішіні цилинди тәрізді,ал жүрекшедегі кардиомиоциттер көбінесе өсінділі.Жүрекшедегі кардиомиоциттерде митохондриялары мен саркоплазмалы торы аз ,бірақ гликопротеиндерге бай.Жүрекшедегі кардиомиоциттердің маңызыд қызметінің бірі-артерильдә қан өысымые реттейтін,НУФ бөліп,тензосенсорлық қызмет атқарады.Кардиомиоциттер өзара қыстырма дискілериен байлаеысады.Бұлардың құрамында десмосомалар,миофибриллалы байламдары мен қуысты контактылар-нексустары болады.Нексустар нерв импульсін жасушадан жасушаға тез өткізіді қамтамасыз етеді.Десмосомалар мен миофириллалар механикалық қызмет атқаратын баланыстар,ал нексустар кардиомиоциттердің синхронды жиырылғыштық қасиетіне септігін тигізеді.Көршілес кардиомиоциттердің бүйір бөліктерінен анастомоздар түзіледі.Кардиомиоциттердің тіректік қаңөасын тығыз коллаген,эластин талшықтары мен интерстициальді дәнекер тіні түзеді. Қызметі:Насостық; Эндокринді;Информациялық.
15.Миокард Пуркинье талшықтары 212. Бояуы.Гематоксилин-эозин 1.эндокардтың эндотелиі 2.субэндотелий қабаты 3.эндокардтың етті-эластинді қабаты 4.эндокардтың сыртқы дәнекертінді қабаты 5.өткізгіш кардиомиоциттер(Пуркинье талшықтары) 6.миокардтың жиырылғыш кардиомиоциттері Жүрек екі түрлі жолмен дамиды.Жүректің эндокарлды мезенхимадан, миокард пен эпикардтың мезотелиі спланхтоманың висцеральді жапырақшасының миоэпикардиальді пластинкасынан бастау алады.Жүрек 3 қабаттан тұрады.Эндокардтың құрлысы қан тамырларының қабырғасына ұқсас.Қабырғасында эндотелий, эндотелтй асты,етті – эластинді,сыртқы дәнекер тінді қабаттары болады.Эндотелий қабаты: полигональд3 жасушадан тұрып, базальді мембранаға бекінген,бір қабатты жалпақ эпителий ; эндотелий асты-БТҚДТ,аз дифференцацияланған дәнекер тінді жасушаға бай; етті-элластинді қабаты- миоциттер мен эластинді талшықтарының жігінен тұрады,эластинді талшықтары қарыншаға қарағанда жүрекшеде айқын байқалады..Сыртқы дәнекер тінді қабаты-БТҚДТ , миокардпен шектескен жерінде жатады,қалың эластинді,коллагенді,ретикулярлы тіннен тұрады.Бұл қабаты –қан тамырларының сыртқы қабатының аналогі болып табылады.Энокардтың қоректенуі диффузды түрде жүрек камерасындағы қанмен жүзеге асады.Қан там ырлар сыртқы дәнекер тінді қабатында ғана боладыЭндокард-жүрек қақпашаларын қалыптастырады.Жүрек қақпашалары –эндокардтың дубликатурасы.Қақпақшалар эндотелиймен тысталған,талшықты дәнекер тіні,аздаған жасушалары болатын, тығыз,фибригді пластинка.Жүрекшеде қақпашалар тегіс,ал қарынша жағында тегіс емес,өсінді түрінде шығыңқы тұстары мен сіңір жіпшелері болады.Жүректің әр түрлі бөліктерінде өткізгіш жүйесіне жататын кардиомиоциттер орналасады.Бұл шығу тегі мен құрлысы жағынан ет тініне,ал қызметіне байланысты нерв тініне ұқсас,себебі электрлік импульстерді түзумен қатар тез өткізуге қабілетті жасушалар .Жүректе мұндай кардиомиоциттер үш түрін ажыратады.1.Р жасушалары (Пейсмекер жасушалары) 2.Аралық жасушалар және 3.Пуркинье талшықтарындағы жасушалар. Р-жасушалары өсінділі, цитоплазмасныда ашық түсті ядросы бар мембранасынан Na- жасушаға, ал жасушадан К- ионын шығарып өздігінен
16.Қолқаның кесіндісі 211. Бояуы.Орсеин 1.ішкі қабығы 2.ортаңғы қабығы 3.сыртқы қабығы (адвентиция) 4.тамыр тамырлары  
  17.Бұлшықет типті артерияның кесіндісі 208.Гематоксилин-эозин     1.ішкі қабығы 2.ортаңғы қабығы 3.сыртқы қабығы(адвентиция) 4.ішкі эластинді мембрана 5.сыртқы эластинді мембрана 6.ортаңғы қабығындағы эластинді талшықтары  
    18.Бұлшықет типті венаның кесіндісі 210.Бояуы Гематоксилин-эозин     1.ішкі қабығы 2.ортаңғы қабығы 3.сыртқы қабығы(адвентиция) 1.
19.Мидың жұмсақ қабығы(микроциркулярлы арнаның тамырлары) 207.Бояуы Гематоксилин-эозин. 1.артериола 2.венула 1.  
20.Кеңірдектің кесіндісі 309.Бояуы.Гематоксилин-эозин. 1.көп қатарлы кірпікшелі эпителий 2.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3.кілегей асты негізі 4.кеңірдек бездері 5.талшықты шнміршекті қабық 6.адвентиция
  21.Өкпенеің кесіндісі 321.Бояуы . Гематоксилин-эозин     1.соңғы брохиолла 2.респираторлы бронхиолла 3.альвеолалар жолы 4.альвеолалар қапшығы    
    22.Түкті(жұқа) тері 330. БояуыГематоксилин-эозин   1.түк түбірі 2.ішкі түбірлік эпителий қынабы 3.сыртқы түбірлік эпителий қынабы 4.түк қапшығы 5.май жасушалары    
23.Қалың тері 325.Бояуы Гематоксилин-эозин 1.дерманың емізікше қабаты 2.базальды қабаты 3.тікенек қабаты 4.дәнді қабаты 5.жылтыр қабаты 6.мүйізді қабаты 1.
Модуль «Пищеварительная система» Ауесханова А.Д.
24.Өңештің кесіндісі 283.Бояуы.Гематоксилин-эозин   1.өңеш қуысы 2.кілегейлі қабықтың көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиі 3.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 4.өңеш бездері орналасқан кілегей асты қабығы 5.етті қабық 6.адвентиция 7.меншікті бездердің өзектері  
25.Асқазанның кесіндісі фундальды бөлігі 287.Бояуы Конго- Рот 1.кілегейлі қабығы 2.асқазан шұңқыры 3.асқазанның меншікті (фундальді бездері) 4.кілегейлі қабығының етті пластинкасы 5.кілегей асты қабығы 6.етті қабығы 7.сірлі қабығы  
26. 12-елі ішектің кесіндісі 292.Бояуы Гематоксилин-эозин 1.бүрлері 2.кілегейлі қабықтың бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті эпителиі 3.крипта 4.етті пластинкасы 5.дуоденальды бездері орналасқан кілегей асты негізі 6.етті қабығы 7.сірлі қабығы  
27.Аш ішектің кесіндісі 294.Бояуы Гематоксилин-эозин 1.кілегейлі қабықтың бүрлері 2.крипталар 3.етті пластинкасы 4.кілегей асты қабығы 5.етті қабығы 6.сірлі қабығы  
28.Тоқ ішектің кесіндісі 296.Гематоксилин-эозин 1.кілегей қабығы 2.крипталар 3.етті пластинкасы 4.кілегей асты негізі 5.етті қабығы 6.сірлі қабығы  
29.Адам бауырының кесіндісі 302.Гематоксилин-эозин 1.бауыр бөлікшесі 2.орталық вена 3.бауыр баулары 4.синусоидты капиллярлар    
30.Бүйрек.Қыртысты заты.Бояуы. Гематоксилин-эозин 1.қыртысты заты 2.боз заты 3. бүйрек денешіктері Бүйректің сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалып,құрамында шеткі-қыртысты және ортаңғы – боз заттан тұратын бөліктері бар мүше. Қыртысты бөлігінің түсі қызыл-қоңыр болып келеді.Боз заты ашық түсті,құрамында 8-12 пирамидалары бар,бұлардың ұшы бүйрек тостағаншасына дейін өте оңай өтіп отырады.Бүйректің дамуы барысында қыртысты зат бөлігі өсіп қалыңдайды.Бүйрек стромасын БТДТ немесе интерстициальді тіні құраса,ал паренхимасын эпителиальді бүйрек нефрондары мен қан капиллярлары түзеді.Мұндай нефрондар бүйректе 1 млн-ге жуық.Нефрон-бүйректің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі.Әрбір нефрон ұзындығы-50мм-дей,ал бүйректегі барлық нефрондардың жалпы ұзындығы 100 км-ге дейін болады.Нефрон құрамында мынандай бөліктері болады:-қан тамырлар шумағын қоршайтын капсула; - Иректелген және проксимальді түтікше; - Төмен және жоғары қарай иілген жіңішке нефрон ілмегі; - Иректелген және тік дистальды нефрон түтікшелер Нефронның жіңішке түтікшесінен пайда болған орамын Генле ілмегі дейді.Нефронның қан тамырлар шумағымен оны қоршаған капсуласын-бүйрек денешігі дейді.Қысқа нефрондар қыртысты затта(15-20%),аралық нефрондар 70%,ең ұзын нефрондар юкстамедулярлы нефрондар – боз затында орналасады.Нефрондар бүйректің несеп жиналатын түтікшесіне келіп жалғасады.Бүйректің қыртысты және боз затындағы нефрондардың несеп түзу процесіне алатын орны әр-түрлі.Әсіресе бүйректің қыртысты затында орналасқан нефрондардың несеп түзудегі қызметі өте белсенді.Қыртысты затта нефронның бүйрек денешіктері,иректелген проксимальді және дистальді түтікшелер орналасса,ал боз затында көбінесе түтікшелердің жіңішке,тік бөліктері ғана орналасады. Қызметі: -несеп түзу және шығару -қышқылдық сілтілік гомеостазды ұстап тұрады. -су-тұз алмасуын реттейді; -артериалды қан қысымын реттейді эндокри
Модуль «Мочеполовая система  
  31Несепағар 341 сурет .Бояуы.Гематоксилин-эозин   1.ауыспалы эпителий 2.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3.кілегей асты негізі 4.етті қабаты 5.адвентиция     Несепағардың кілегейлі қабығы ауыспалы эпителимен қапталған,ұзынша қатпар түзіп жатыр.Осы қатпарлар несепағар қуысында жұлдыз тәрізді болып көрінеді.Кілегейлі қабықтың етті пластинкасы болмайды. Меншікті пластинкасы арқылы кілегей асты негізімен жалғасады. Қабырғасы өте созылғыш қасиетінің арқасында кілегейлі қабығында көптеген бойлық қатпарлары болады.Несепағардың төменгі бөлігіндегі кілегей асты негізінде алвеолярлы-түтікшелі бездер орналасады.Бездердің құрлысы қуықасты безінің құрлысына ұқсас .Ет қабығы несепағардың жоғарғы бөлігінде екі,ал төменгі бөлігінде үш қабатты миоциттер жігінен тұрады.Несепағар қуықпен байланысқан жерінде етті қабығы қалыңдайды,айналмалы түрде орналасып-қысқыштарды түзеді,олар мүшенің қабырғасының жиырылуын реттеп отырады.Сондықтан несеп қуыққа белгілі бір мөлшерде жіберіліп отырады.Осыған байланысты несепағардың бойында 2-4ке дейін,секциялық цистоидтары болады. Адвентиция қабаты-ТБДТ Қызметі: рефректорлы;,қабырғасында көптеген рецепторлары болады;бүйректі қуықпен жалғастырып түзілген несепті қуыққа өткізіп тұрады.
32.Қуық кесіндісі 342 сурет Гематоксилин-эозин   1.ауыспалы эпителий 2.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3.кілегей асты негізі 4.етті қабықтың ішкі бойлық қабаты 5.етті қабықтың көлденең қабаты Қуықтың несепағардан айырмашылығы қабырғасы қалың.Қуықтың кілегейлі қабығы – ауыспалы эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады.Кілегейлі қабығындағы қатпарлар қуықтың жиырылып,созылуына әсер етеді.Осы қатпарлар қуықтың несепағар мен несеп шығаратын түтікшелермен байланысқан жерінде де болады және кілегейлі қабығының астындағы кілегей асты негізінің болмауымен ерекшеленеді.Сон-н кілегейлі қабық бірден етті қабықпен байланысып тұрады. Меншікті пластинкасында көптеген майда қан капиллярлар торы жақсы жетілген және көптеген бездері болады. Қуықтың етті қабығының құрамында дәнекер тінінің перделері болатын,үш қабат болып орналасқан миоциттер жігінен тұрады:1.ішкі - бойлық 2.ортаңғы - айналмалы 3.сыртқы - бойлық .Қуықтың сыртқы қабығы артқы және жоғарғы бөлімі мен бүйір бөліктерінде сірлі қабықпен,ал қалған бөліктерінде адвентициальді қабықпен тысталған.Қабырғасы көптеген қан және лимфа тамырларына бай. Қызметі: Зәр жинау
33. Ен мен ен қосалқысының кесіндісі. 348 сурет Бояуы.Гематоксилин-эозин     1.еннің тұқым шығарушы түтікшелері 2.ен қосалқысның өзегі     Ен- парехиматозды бөлшектенген мүше.Ен қосалқысы дәнекер тінмен қоршалған,қан тамырларын өткізетін көптеген өзектері бар.Соның ішінде дәнекер тінмен бөлінген 2 түрлі түтікшелері ажыратылады:Түтікшенің бірі қуысы тар, тегіс емес зәр шығарушы түтік ; екіншісі-қуысы кең тегіс ен қосалқысындағы тұқым шығарушы түтікше өзек.Бұл түтікше биік призмалы жасушалармен астарланған , арасында куб тәрізді жасушалар кездесіп отырады.Тұқым шығарушы түтікшелерін дәнекер тінді қабық пен тегіс салалы ет тіні жасушалары қоршаған.Эпителий жасушалары бір қатарда жатқанмен,қиғаш кесіндіде көп қабатты болып көрінеді.Ен қосалқы шығару өзегінің эпителиі 2 қатар түзеді.Ол апикальді полюсінде стереоций бар биік призмалы жасушалар мен осы жасушаның базальді ұштарының арасындағы қыстырма жасушалардан тұрады.Призма тәрізді жасушалардң ядролары базальді полюсінде орналасса ,ал қыстырма жасушалар ядролары 2 қатар түзеді. Қызменті: Генеративті; Эндокринді
  34.Қуық асты безінің кесіндісі 351 сурет.Бояуы.Гематоксилин-эозин   1.дәнекер тінді капсула 2.простата бездерінің соңғы секреторлық бөлімдері 3.бөлікше аралық дәнекер тін, миоциттердің будалары мен жасушалары 4.бірыңғай салалы ет тіні   Без капсуласы тегіс салалы ет тіні мен ,адипоциттер мен қан тамырлары кездесетін дәнекер тіннен тұрады.Без стромасын – БДТ мен тегіс салалы ет тіні жасушалар жігі түзеді.Олар без стромасынана радиальды бағытта тарап, безді бөлшектерге бөледі.Паренхимасы шырышты жасушалардан тұрады.Олардың секрет шығару өзегі зәр шығару түтігіне ашылады.Бездің әр бір бөлігін ұзыннан және циркулярлы орналасқан миоциттер қоршайды.Бездің секреторлы бөлігінің пішіні әр түрлі және контуры тегіс емес,қатпарланған. Және де бір қабатты призма тәрізді эпителий немесе шырышты экзокриноциттермен астарланған және сөл шығару өзектеріне жалғасады, бұлар да бір қабатты призма тәрізді эпителимен астарланған.Ішастарға жалғасар алдында ампула тәрізді кеңейіп, сөл шығару өзегінің эпителиі көп қатарлы призма тәрізді эпителиге ауысады. Без құрамында 30-50 түтікшелі альвеолярлы бездері болады.Олар 3 топқа бөлінеді.Периуретралды-меншікті пластинкада;кілегей асты негізінде- аралық;без денесінде орналасқан-негізгі бөліктері.Без құрамында секреторлы соңғы бөлігі мен секрет шығаратын өзектері болады.Секреторлы бөліктерінің құрамында 2 қатар орналасқан секреторлы және қыстырма жасушалар болса,ал өзектерін көп қатарлы жасушалар құрайды. Қызметі: Эндокринді; Экзокринді.
  35Аналық жыныс безінің кесіндісі. 356 сурет.Бояуы.Гематоксилин-эозин     1.-жабынды эпителий және ақ қабық 2.-қыртысты зат 3- боз зат 4 – примордиальды фолликулдар 5 – екіншілік фолликулдар   Аналық жыныс бездері-парехиматозды аймақтық мүше.Сырты ТТДТ тұратын, ақ қабықпен қоршалған .Бұл қабықтан таралған талшықты перделер бездің шеткі қыртысы және боз затының құрамына енеді.Перделердің құрамында фибробласттар мен фиброциттер болады.Безді қоршаған ақ қабықтың сыртында өте жоғары пролиферативтік белсенділігі бар ,бездің жиі ісік ауруларының дамуына алып келетін сероздық қабықтың өзгерген түрі мезотелий орналасады.Аналық бездің паренхимасы әр түрлі даму сатыларындағы фолликулдар мен сары денелерден тұрады.Сонымен аналық бездің құрамында шеткі қыртысты және ортаңғы боз заты болады.Қыртысты затында примордиальді,біріншілік,екіншілік,үшіншілік және атретикалық фолликулдар мен сары және ақ денелер орналасады.Бездің боз затында қан тамырлары,нерв талшықтарына өте бай,БТДТ тұрады.Эпителий баулары да болуы мүмкін,бұлар без кистасының даму ошағы болып табылады. Қызметі:Генративтік; Эндокриндік
  36Жатыр түтігінің кесіндісі 366 сурет.Бояуы Азокармин       1.Жатыр түтігінің қуысы 2.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3.жатыр түтігінің салпыншағы 4.етті қабық (ұзынша және көлденең қабаттары ) 5.сірлі қабық     Препаратта жатыр түтігінің көлденең кесіндісі берілген .Эпителий призмалы бір қабатты құрамында 2 түрлі жасушалары болады:кірпікшелі және секреторлы жасушалар.Меншікті пластинка 2 қабатты,тегіс салалы ет жасушалар тізбегінен тұрады.Ет қабығы 2 қабатты миоциттер жігінен тұрады.ішкісі-циркулярлы;сыртқысы –бойлық,тік орналасады.Дәнекер тінді негізі – сырты серозды қабығы мезотелимен тысталған. Қызметі:секреторлы;Эмбриогенездің алғашұы сатысы жүреді
    37Жатыр кесіндісі 368 сурет.Бояуы.Азокармин     1.Жатыр қуысының саңылауы 2.жатыр бездері 3.кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 4,5,6.етті қабықтың тамыр асты,тамырлы және тамырүсті қаьаттары; 7.периметрий         Жатырдың көлденең кесіндісінде кілегейлі-эндометрий; етті-миометрий;серозды-периметрий қабықтары болады. Эндометрий эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады .Эпителий бір қабатты ,призмалы;құрамында секреторлы және кірпікшелі жасушалары болады.Секреторлы жасушаларының апикальді полюстеріндегі бүрлерінің құрамында секреторлы көпірщіктері көрінеді.Кірпікшелі жасушалардың апикальді полюсінде кірпікшелерінің қозғалысы қынапқ қарай бағытталған. Меншікті пластинкада өсінділі жасушалар ,лимфоцит,гистиоцит,тін базофильдері,қарапайым түтікшелі бездер орналасқан. Миометрий-жатыр қабырғасының ең қалың қабаты;мұнда паренхимасы және БТҚДТ түзілген стромасын анықтауға болады.Миометрий миоциттері қиғаш орналасқан ішкі-кілегей асты;ортаңғы миоциттері-айналмалы;-ортаңғы қан тамырлы;сыртқысы қан тамырлар үстіндегі қан тамырлардан тұрады.Миоциттер ашық және күңгірт түсті болып 2 ге бөлінеді. Периметрий қабығы мезотелий мен БТҚДТді пластинкадан тұрады.Периметрий құрамында симпат. Түйіндердің өрімдері орналасады,периметриі жоқ жерлер адвентициямен қоршалады.  
38Гиалин шеміршек препараты 112 сурет      
39.Қабыршақ сүйегінің препараты 123 сурет   10. Исход: благоприятный. Причина смерти: вторичный амилоидоз.
40.Сіңір кесіндісі 104 сурет    
 
©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.