процестерін диагностикалау. ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ Оқу- әдістемелік құралы Автордың түпнұсқасымен басылды Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Г.Б. Бейсенбекова., Р.А. Молдабаева., С.М. Нұрғалиева ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ Қарағанды Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева. Р.А., Нұрғалиева С.М. Жас ерекшелік психологиясы: оқу - әдістемелік құрал. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. 134 б. Оқу- әдістемелік құралы жоғарғы оқу орнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жазылды. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратын онтогенездегі психикалық даму процесінің негізгі заңдылықтарына сипаттама бере отырып, әр жас кезеңдегі жаңарыстар мен психикалық процестерді диагностикалауға тірек болады. Оқытушылар мен жоғары оқу орындағы педагогикалық мамандық студенттеріне және оқырман қауымға арналған. Пікір жазғандар: Ә.Ә.Әлімбаевфилософия ғылымдарының докторы, профессор Р.Ш. Сабыровапсихология ғылымдарының кандидаты, доцент психология ғылымдарының кандидаты, доцент К.С. Дүйсетаева,дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінің директоры педагогика ғылымдарының кандидаты, Г.Б. Бейсенбекова., Р.А. Молдабаева. С.М.Нұрғалиева, 2005 Алғы сөз Қазақстан Республикасының егемендігі,ондағы туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуынжәне жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.Қоғамның білім беру жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуыөз кезегінде Республикада жаңа буын оқулықтарын өмірге алып келуде. Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптасуы,жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі. Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескерк отырып ,білім беруді қамтамасыз ету ұсынылған. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып ,оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті(41-бап),Білім беру ұйымы баланың қалауын,жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып ,таңдауға құқысы бар,-деген баптары педагог пен ата-аналарға арналып ,мектеп пен ата-ана алдында зор жауапкершілік жүктейді.(38-бап) Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі.Өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі .Сондықтан білімнің көп деңгейлік жаңа моделінде оқушылар үшін де ,педагогтар мен ата-аналар үшін де даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет. Біздің міндетіміз өзінің тілін, дінін,дәстүрін,әдет-ғұрпын біліп,өз елін,туған жерін,ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Ол үшін жоғарғы оқу орнында болашақ педагог кадрларды осы міндетті жүзеге асыратындай етіп даярлау қажет.Әрине, бұл студенттердің психологиялық білімді терең игермейінше, әдебиеттерді өз беттерінше оқымайынша,психологиялық байқау мен экспериментерді өткізу ікерлігі мен дағдысын меңгермейінше жүзеге аспайды. Бірақ осы жолда көптеген кедергілерге кез болып отырмыз,оның бірі - қажетті оқу-әдістемелік құралдардың аздығы.Осының өзі бізге осы оқу-әдістемелік құралды құрастыруға түрткі болды.Бұл оқу-әдістемелік құралды құрастырғанда қазіргі психологиялық ғылымның теориялық негізін саналы меңгеруіне және студенттерде психологиялық білімге деген ,оларды практикада қолдануға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыратындай болуы қажет дегенді басшылыққа алдық. Бұл оқу-әдістемелік құралда студенттерге бала психикасының даму процестері, онтогенездегі психикалық дамудың негізгі заңдылықтары,бала психологиясының әр жас кезеңіндегі маңызды ерекшеліктері ,түрлі оқу ситуацияларындағы мектеп оқушыларының өзіне тән ерекше іс-әрекеті ,мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешеліктері туралы түсінік беруге тырыстық. Балалардың психикалық ерекшеліктері мен қабілеттері әрқашан айқын көріне бермейді,сондықтан да олардың танымдық мүмкіншіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын диагностикалау аса қажет болып табылады. Сол себепті баланың танымдық және жеке бас ерекшеліктерін анықтауға қажетті әдістемелердің біразын ұсынылып отыр. Жоғарғы оқу орнының педагогикалық мамандықтарының студенттеріне,педагогтарға оқушылардың ішкі жан дүниесін тереңірек түсінуге біздің ұсынып отырған оқу-әдістемелік құралымыз өз септігін тигізеді деп сенеміз. Кіріспе. Тақырып 1. Жас ерекшелігі психологиясы пәні, міндеттері және әдістері. Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оны жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімдіигерудің жасқа лайық мүмкіндіктердің жеке адамның дамуының жетекші факторларт.б зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдары. Жас- адам дамуының кезеңі организм мен тұлға қалыптасуының тән сипаты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жаңарыстар ( жетістіктері )- нақты кезеңдегі мүмкіндіктерінің алғашқы және осы жастағылардың басқалардың ерекшелінуіндегі жеке бастың және психологиялық процестердің сапалық өзгерісі. Әлеуметтік даму жағдайлары - әр кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдайлар. Дағдарыс - бір кезеңнен екінші кезеңге секірмелі түрде өтуі. Жетекші іс- әрекет- белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық дамуының сипатын анықтайтын іс-әрекет. Жас ерекшелігі психологиясының міндеттері: - балалардың дербес ерекшеліктерін қарастыру. - психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу. - психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту. Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.ХІХ ғасырдың ортасын дейін бала психологиясы жалпы психолгиядан бөлінбей келді. Кейін ХІХ ғасырдаң екінші жартысында психология ғылымына генетикалық ойлардың келуі мен дами бастады. Даму үстіндегі психологиялық- педагогикалық ой- пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д Ушинскийдің енбектері алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. И.М Сеченовтың нерв қызметінің жұмысы рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеуінің маңызы үлкен Мұнымен қатар, жас психологиясы туралы мағұлматтар жинала бастады. Біріншіден балаға туғандардың күнделік жазуы, екіншіден бала психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін қолдана бастады. Аса көрнекті чехтың ұлы Я.А Каменский баланың сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту системасын құру керектігін айтты. Мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесін жасады. «Ұлы дидактика.» Ж.Ж. Руссо мектеп жасына дейінгі психологиялық ерекшеліктерің толық ашып берді. Ол баланың ақыл ойының, ықылас – тілегінің өзіндік ерекшелігінің болатының, оларға барлық уақытта бала деп қарауға болмайтындығын, кейде үлкендермен түрліше араласу баланың табиғи дамуына кері әсер етеді. 1746 –1824 ж.ж. Г. Песталоци баланың жеке басының қалыптасуына жанұяның әсіресе ананың ролі зор деп бағалады. Ол танымның басталар сәті сезімді қабылдау деп есептеді, әр бір баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды талап етті. 18 ғ Россияда алдынғы қатарлы ағартушылар өз пікірлерін қосты, сонын бірге В.Н. Татищев өзіндік ақылының даму көзі, жас адамға өзгенің іс тәжірбиесін меңгерудің нәтижесінде пайда болады деп көрсетті. Ең алғашрет балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңінің түп нұсқасын берген болатын сонымен бірге адамгершілік санасын қалыптастыруды ұсынды. 1744-1818 ж.ж. Новиков ақыл ой, адамгершілік және эмоциялық дамуды жан жақты ашып көрсетті. Бала пихикасын зерттеу шет елдерде кейінен дамыған болатын біздін елде октябрь революциясынан кейін зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулерге әсер еткен И.П. Павловтың шәкірттерінің жұмысы (Н.И.Кросногорский). В.М.Бехтеревтің басшылығымен онын шәкірттері (Н.М. Щелованов) зерттеулер жүргізді. Бұнда балалардың шартты рефлекстері туралы жүргізілді. Сонымен бірге үлес қосқандар П.Н.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934), Д.Б.Эльконин т.б. С.А.Рубинштейн 1940ж. «сана және оның дамуы»-, атты еңбегінін мәні зор. Совет (Кеңес) психологтары мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті «ойынды» мұқият зерттеді. Диалетикалық тұрғыдан түсіну кеңес психологтарына баланың психикасының даму процесін ашуға мүмкіндік берді. Баланың жеке басын зерттеуге үлес қосқандар А.Ф. Лазурский, А.П.Нечаев т.б. Жас ерекшелік психологиясының дамуына психоневрологтардың бүкіл россиялық І –ші съезі әсер етті (1903ж). Онда психологияны Маркстік негізде қайта қарау мәселесі қайта қаралды. 1927 ж. декабрьде болған съезде идеалистік теориялар сыналды. Ең алғашқы рет жас ерекшелік психологиясының марксизм-ленинизм тұрғысынан келуге тырысқан П.Н.Блонский 1884-1941ж.ж. 50 жылдары П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. 70 жылдары жан-жақты зерттеліп практикада қолдану мүмкіндігін алды. Кеңестік жас ерекшелік психологиялық концепциясының бірі ақыл ой әрекеттерінің кезен мен қалыптасу теориясы болды. Жас ерекшелігі психологиясының басқа ғылымдармен байланысы: Анатомия -физиология. Философия, жалпы психология. Жалпы психология – барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін, және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Анатомия- физиология - бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып, өсуін органдардың атқаратын қызметін , әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді. Философия- барлық ғылымдардың методалогиялық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады ( карама-қайшылық). Жас ерекшелік психологиясы ең тығыз байланысты ғылымы педагогика болғандықтан - зерттейтін обьектісі бір, яғни бала,жеткіншек,жас өспірім. Бірақ баланы зерттегенде зерттеуші оның психикасының әр түрлі жағын алып қарастырады А.С Выготский, А.П Нечаев : Баланың психикасын зерттеу ( дамуын көріп , дұрыс бағыт беру) тек оқу- тәрбие процесінің нақтылы өзіңде жүргізілуі тиіс. Дегенмен де даму туралы қарастырсақ: ол жас туралы түсінік береді.яғни «жас» және »жастық шақ», «жас« немесе »жастық кез» - ол даму циклі болып табылады. Жас ерекшелік кезеңі психикалық даму функциясымен еркшеленіп қоймай, ол әр жастағы қарым-қатынасын, негізгі мөлшерін анықтайды. Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары: - Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғаннан –6-7 жас) - Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы (7-10 жас) - Жеткіншектер психологиясы (10-11-14-15 жас) - Балғын жастық психологиясы (15-18 жас) - Ересектер психологиясы (21-35, 35-60 жас) - Қарттар психологиясы ( 60-75, 75-90 жас). Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез- келген ғылымның негізгі факторларды зерттеуден тұрады. Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Бақылаужас ерекшелік психологиясында жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қоланылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарау емес, әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез –құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бұл кейкездері «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде ( аз уақыттың ішінде) жүргізіледі . Байқау әдісі деп- таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әркеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әркеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз. Бұл әдіс бойынша , зерттеуші адам, зерттелушінің әркеттерін сырттай бақылап жазып отырады. Оны жүргізу шарты: жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы тиіс кездейсоқ болмай, байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қортынды беру. Байқау жаппай және ішнара болып бөлінеді. Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі. Эксперимент – деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып, кейде жасанды жағдайда зерттейді. Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады. Эксперимент түрлері екіге бөлінеді: Табиғи эксперимент және Лабораториялық . Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ, оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. Табиғи эксперименттің 1910 жылы орыс педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады. Лабораториялық - арнайы лабораторияларда жүргізіледі. Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз. Констатциялау – тексерілген мәселенің бағытын аладын ала білу Қалыптастырушы- балаларды осы психикалық процестер мен сапалары қалыптастыруға бағытталған әдіс. Сонымен бірге «көлденен кесу», «бойлай» зерттеу әдістері бар ерттеуші психиканың қалыптасуның нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденен кесу әдісмен зерттейді. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы,елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі дейміз. Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда: Ұйымдастыру әдістері – салыстыру әрқандай топты , жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра зерттеу, комплекстік- зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір объектіні жан –жақты әр құралдармен зерттеу, лангитюд- бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайтала зерттеу. Эмпирикалық әдістер – бақылаумен өзіңдік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер : психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян. Деректерді өңдеу әдістері: сандық( статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу ) талдау әдістері. Интерпретациялық әдістер: генетикалық, құрылымдық. Сондай –ақ реттеу түзету әдістеріне : аутотрениг, топ тренигі, психотерепиялық ықпал ету әдісі, оқу –үйрету әдісі. Өзіндік бақылау сұрақтары. 1.Жас ерекшелігі психологиясының пәні, міндеттері. 2.Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.(қысқаша щолу). 3. Жас ерекшелігі психологиясының тармақтарын атаңыз? 4. Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдарына сипаттама беріңіз? 5.Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Тақырып 2. Психикалық дамудың заңдылықтары. Биологиялық және әлеуметтік факторды адам психикасының дамуындағы маңызы. Бала дүниеге келгеннен бастап дамудың кезендерінен өте бастайды. Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы зандылықтары қалыптасқан. Даму процесі -адамның организміндені сандық және сапалық өзгерісте болады. Сондықтан да даму процесі -өте күрделі, ұзақ, ішкі және сыртқы қайшылықтардан тұратын процесс болғандықтан біздін организміздегі өзгерістер өмір бойы болып жатады. Адамның рухани дүниетанымы мен физиологиялық тұрғыдан дамуы бала кезде және жеткіншек шағында интенсивті түрде өзгереді. Психикалық даму, ең алдымен, ақыл-ойының дамуына, жеке басының қалыптасуымен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік жағдайларға байланысты оның мінезінде әртүрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады. Сонымен, психикалық дамуды әр түрлі теориялар қарастырды. Мәселен, психикалық дамудын биологизаторлық (биологиялық) теориясы 19 ғ аяғында 20 ғ басында Европа, Америка елдерінде пайда болды. Биологизаторлық бағыттың өкілдері бала өмірі туа біткен ерекшеліктерге байланысты деген пікірде болды. Биологизаторлық теория бойынша психикалық дамудың қозғаушы күштері тұқымқуалаушылық. Осы уақытта биологизаторлық теорияға қарама-қарсы социологизаторлық (әлеуметтік) теория дамыды. Бұл теорияның мәні жеке адамның дамуы әлеуметтік ортаның тікелей әсер етуінің нәтижесінен орта қандай болса, бала сондай болады. Психикалық дамудың қозғаушы күші туралы мәселелерді шешудегі факторлық шектеулігі. Қарастырылған теориялар психикалық дамудың негізгі факторларын бір жақты көрсетеді (биологиялық және әлеуметтік) жәнеде метофизикалық тұрғысынан – дамуды сапалылық өзгеру түрінен емес сандық көбейю деп қарастырды. Биологизаторлық (биогенетикалық) және социологизаторлық (социогенетикалық) бағыттын шектеулігі жеке бастың белсенділігін ескермеу болып табылады. Қазіргі психологиядағы, бала дамуында әсер ететін екі фактор – биологиялық және әлеуметтік – деп есептейтін ғалымдар құрайды. Бірақ оның әрқайсысына орын табу, ең бастысы өсіп келе жатқан адамның дамуындағы тұтас процесте олардың өзара әрекетін ашуға ғалымдардың осы кезге дейін қолы жетпеді. Алдымен талаптанғанның бірі – неміс психологі В.Штерн «үйлесімді»іске асырды.Ол бұл негізгі факторлардың әрқайсысы автономиялы әрекет ететінін көз алдына елестетті, бірақ бір жерде олардың ықпалы қосылып, олардың конвергенциясы өтеді, содан кейін биологиялық және әлеуметтік себептер біріге отырып әрекет етеді. Талас та күрделі мәселені бұлай шешуді қанағаттанарлық деп мойындауға болмайды. Қайда, қашан және қандай себептер ықпалымен конвергенция өтті, бұл біртұтас процесте әр фактор қалай әрекет етті және олар бір –біріне қалай өзара әрекет етті дегендер белгісіз болып қалады. Демек, екі фактор конвергенция теориясын біржақтылықпен көрсетеді. Психолог Л.С. Выготскийдің еңбегіндегі бала психикасының қозғаушы күштері мәселелері (1896-1934).Белгілі орыс психологі бала дүниеге келген сәттен ақ әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады деп көрсетті. Өсіп толысуы үшін баланың ересек адамдармен қарым – қатынасқа түскенінің зор маңызы бар. Олардан өмірге қажетті біліммен тәжірбие алады. Айналасындағылармен қатынаста болу процесіне балада адамдарды қажет етіп тұру тілегі қалыптасады, ал мұның өзі жан –жақты дамуының аса маңызды қайнар көзі болып табылады. Балаға қоғаммен айналасындағылар үйлесімді әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл әрқашанда бола бермейді, бұл ықпалдын арасында кейбір жеке сәйкессіздіктерде, қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. Егерде, біз өзхалқымыздың көрнекі ақын, ұстазы Мағжан Жұмабаевтың іліміне зер салсақ, адам баласы туралы былай дейді. «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, ісі жоқ. денесі тым әлсіз. өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей адам баласы осылай, өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен оның денесіне, жанына азық берік, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды»-деген екен. Қазақ халқы –ертеден жалғасып келе жатқан тарихы бар. Өзіңдік -әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни наным –сенімі бар халық. Сондықтан да ата бабамыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгені де белгілі. Психикалық дамудың шарты, қайнар көздері, қозғаушы күштері ұғымдарына тоқталсақ. Кеңес үкіметінің психологтары психикалық дамудын қозғаушы күштері мәселесін қарастырады. Олар негізгі үш ұғымды бөліп қарастырады. Даму шарты , психикалық дамудын қайнар көзі, психикалық дамудын қозғаушы күштері. Биологиялық фактор дамудын шарты болып саналады. Себебі тұқым қуалаушылық арқылы бала адамдық ерекшеліктерді алады. Нерв системасының құрылымы, бас миының, сезім органдарының құрылымы, адамға тән дене белгілері, тік жүруі, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға түсетін танымдық әрекет жасайтын қол, сөйлеу аппаратының құрылымы т.б. беріледі. Бірақта баланың туғандағы ерекшеліктерінің бәрі тұқым қуалаушылық емес, ол туа пайда болған физиологиялық ерекшеліктер, тұқым қуалаушылық арқылы берілетің функциялар психикалық дамудын кейбір жақтарына ғана әсер етеді. Адам, жеке адам болып әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасады. Жануарлар жүріп тұрудың үлгісін тұқым қуалаушылық арқылы алса, адамдар ұрпақтарына жинақталған тәжирбие материялдық түрінде (үй, құрал сайман, рухани байлық, тіл, мәдениет түрінде) қалдырады. Әр адам мәдениетті игеру керек құрал сайманды қалай пайдалану керектігін, кітап оқуды үйренуі тиіс. Міне осындай меңгерулер барысында психикалық қасиеттерге ие болады. (Ойлау, сөйлеу). Адамдармен қарым-қатынас жасамаса психика дамымайды. Сонымен әлеуметтік орта психикалық дамудың қайнар көзі болып табылады. Психикалық дамудың қозғаушы күші – қарама –қайшылық. Қарама – қайшылықтардың күресі баланың өзінің белсенділігі нәтижесінде шешіледі. Белсенділік дегеніміз не? Белсенді – деп тегінде субектінің іс - әрекеті үстіндегі күйін, іс - әрекетін айтады. Әрекет ұғымына белсенділікті қолдануға болмайды, өйткені әрекет қалайда жеке бастын белсенділігі. Алайда, қарама – қайшылықты адам іздеп немесе ойлап таппайды, ол өзгерістің қажеттілігінің салдарынаң туындайды, акдамның әр-бір қадамында кездесіп отырады. Қарама-қайшылықтын ішкі және сыртқы екі түрі бар. Ішкі қайшылықтар адамның ішкі дүниесінің қайшылықтары болып табылады. Адам өзінің еркіне қарсы іс-әрекет жасаған кезде ішкі қайшылықтар пайда болады. Сыртқы қайшылықтар адамнын басқа адамдармен, табиғатпен қарым-қатынасында байқалады. Адамның саналы қызыметінің негізгі манызы оның адам баласы дамуында негізгі фактормен жағдай бола алатындығында. Өзінің әр қилы іс-әрекетінде бала басқа адамдармен үнемі қарым-қатынаста болады. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас орнатуы баланың қарым-қатынасты меңгеруге ықпал етеді. Оның тілінің дамуына жағдай жасайды. Ересектер баланы тәрбиелеп, оқыту арқылы, оның іс-әрекетің ұйымдастыруға бағыттайды. Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Организмнің маторлық функциясына ғана тәуелді қозғалысқа қарағанда әрекеттің әлеуметтік сипаты болады. Ол алдынғы ұрпақ және баланы қоршаған орта жасаған заттарға байланысты келеді. Әрекеттің ең қарапайым түрі-зат арқылы жасалатын әрекет. Мәселен бала тамақты қасықпен ішуді, қолды сабынмен жууды орамалға сүртуді үйренеді. әрекет түрі адам өз қолымен жасаған заттардын құрылымынан туындайды. Келесі қадам – рольді ойынға көшу. Балаға дербестік көрсете бастайды ол өзінше үлкен болуға, онын ролін орындауға, заттар мен оқиғаларға ересектерше билік жүргізуге тырысады. Әрекеттің пайда болуы баланы қоршаған ортадан оған қажетті заттын бөлініп алынуынан басталады. Сонымен бірге қоғамдық тәжірбиені меңгеру процесінде бала өзінің жеке тәжірбиесіне ие болады. Жаңа іс-әрекеті игеру баланың мүмкіндігін арттырады және жетекші іс әрекеттің тың түрлерінің пайда болуы үшін алғы шарт болып табылады. Іс-әрекеттің жетекші түрінде баланың басты қажеттіліктері мен құштарлықтары көзге түседі, іс-әрекеттің осы түрінде әр жас мөлшеріне ылайық не ғұрлым маңызды қимылдын, психимкалық сапаның және жеке бастын қасиетерінің қалыптасуы жүзеге асады. Бірақ баланың іс-әрекеті жетекші түрлері мен шектелмейді. Бұлармен қатар іс-әрекеттің басқа түрлері пайда болып, олардын әр қайысы баланың психикалық дамуына өз үлесін қосады. Іс-әрекеттің жемісті деп аталатың түрлерін – сурет салуды өрнектеп құрақ құрауды, жапсыруды, құрастыруды игереді. Жүйелі әрі мақсат көздей отырып білімді игеруді сипаттайтын оқу мектеп шағында пайда болады. Ал қоғамдық өндіріске қатысудын белгісі болып табылатың еңбек негізгі қызыметі. Баланын психикалық процестері анықталмаған жәнеде дайын күйінде берілмейді. Бұл процестер, заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкің емес. Іс-әрекеттің әр-бір түрі психикалық сапаны игеруге көмектеседі. Баланың психикалық дамуында баланың әр даму стадиясында жетекші іс-әрекетке ерекше мән беріледі. ( Жетекші іс-әрекетің түсінігі А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эьконин). Жетекші іс-әрекеттің белгілері : - жетекші іс-әрекеттің ішінде жоғары психикалық функциялар – танымдық процестер қалыптасады. - жетекші іс-әрекеттің ішінде жеке бастық білімдер қалыптасады. - жетекші іс-әрекетке басқа әрекеттер бағынады.(А.Н.Леонтьев) - жетекші іс-әрекет баланы мол даму кезеңінің негізігі элементтерімен байланыстырады. - жетекші іс-әрекетте абаланың үлкендермен қарым-қатынасы толық көрсетілген. Ал бұл арқылы оның шындыққа қатынасы көрінеді. Бала өзіне жаңа бағыттаушы іс-әрекетті игере бастағанда, ол ішкі емес, сыртқы формамен орындалады. – байқау қимылдары, затты бір бірімен салыстыру, олардың орнын ауыстыру т.б. арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Сыртқы іс-әрекет іштей іс-әрекетпен ауысады да бала нақты заттарды қайта –қайта қозғамай –ақ жауап беруі үшін біраз уақыт өтеді. Мәселен, сәбилік және мектепке дейінгі балалық шақта баланың жаңа ішкі, психикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретінін көреміз. Мұндай іс-әрекеттердің қайнар көзі сыртқы бағыттаушы іс-әрекеттің көмегімен әрбір типтін міндетті осының алдындағы кезеңдерге шешіліп отырған форманың ішке ауысу процесін психологияда интериорризация деп атайды. Интериорризация процесі арқасында үлкендердің басшылығымен өтетін сыртқы бойға сіңіру ішкі психикалық іс-әрекеттің пайда болуына және жетілуіне психикалық, дамудағы ілгері басуына жеткізеді. Демек, ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізін құрайды. Баланың психикалық даму теорияларының ішіндегі бихевиоризмдік теорияныңмәні мынада: оның негізін салған американ психологі және педагог Э.Тордайктің дәлелдеуінше қарапайым дене қасиеттері сияқты адамның ақыл ой қабілеті мен тілегі де тұқым қуалаушылықпен анықаталды. (бихевиоризм мінез-құлық деген мағынада). Ол тұқым қуалаушылық мағұлматтар баланың ең әуелі қозғау, жүргізу, секіру қабілетін, ол садан соң оқуын, кәсібі, шеберлілігімен жеке басының қасиеттерін анықтайды деп есептейді. Адам миының құрылымы тұқым қуалайды, қоғамда бола отырып, ол адамдармен толып жатқан қарым қатынаста болады, бұрынғы өткен ұрпақтардың тәжірбиесін меңгеріп, оны жетілдіреді, жеке адам ретінде өсіп дамиды. Сөйтіп, адам өзінің іс-әрекеті мен жағдайын сипатын үнемі өзгертіп отырады, солармен бірге өзі де өзгереді. Психоаналитикалық теорияныңнегізгі мәніне тоқталсақ. Онда, Зигмунд Фрейд теориясының мәні мынада. Психоанализ емдеу әдісі ретінде пайда болып, біршама уақыттан соң психологиялық фактіні табудың бірден бір тәсілі ретінде қабылдана бастады. Аталған тәсіл психологиялық жүйенің негізі болып қаланған. З.Фрейд емдеушілердің еркін ассоциациясының анализін байқай отырып мынандай қортындыға келген, ересектердің бойындағы кездесіп жататын аурулардың пайда болу себебі – жас балалық шағындағы уайымның салдары. Балалық уайымдау, З.Фрейдтің ойынша, сексуалдық табиғаттық сипатта болады. Бұл - махаббат сезімі және ата-анасына жеккөрушілік деген, әпкесіне немесе ағасына деген қызғаныш сезімі т.б. Зерттеу жүргізу нәтижесінде З.Фрейд, емдеушілердің өзіндік еркін ассоциацияларын, түс көру, өткен оқиғаларының мағынасын түсінбейтіндіктеріне көз жеткізіп, таң қалған екен. Олар анық жағдайларды жасыруға тырысқан. Емдеушілер бір ғана координатылық жүйемен өмір сүрген, ойланған, дәл осы уақытта емдеушілердің екінші жағанан санасыздық деңгейі және тәртібінің детерминанты төмендеп, алшақталған. Содан соң емдеушілер көптеген психоанатикалық сеанстардан кейін ғана өздерінің іс-әрекеттеріне, сөздеріне анализ жасап, саналы түрде ұғына бастаған. Санасыз тәртіптің детерминанты З .Фрейдтің зерттеуінің пәні болып табылады. Оның ашқан жаңалығы санасыздық немесе сезінбеушілік және сексуалдық бастаманың ашылуы- психоанализдік теорияның концепциясының негізін құрайды. З.Фрейд жұмысының алғашқы жылдарында психикалық өмірдің негізін құрайтын үш деңгейді қарастырған: санасыздық, санасыздықтан алдында, саналылық. Саналық бастамаларға жөн сілтейтін «санасыздық» құбылысына тоқталды. Оны »Либидо»деген терминмен атады. Кейінірек »Я» және »Оно» және »ләззәт алу бағытында» аты еңбектерінде адамдық жеке тұлғаның басқа бір модельін ұсынды. З.Фрейд теориясы бойынша адамның жеке басы негізігі үш құрамдас бөліктерден тұрады: «Оно»(ид), «Я», »Сверх-Я». «Оно»- инстинкттерді тасмылдаушы. Ол санасыздыққа бой ұру, рахаттану приципіне бағынады. «Я»- шындық принципін мақұлдайды және қоршаған сыртқы әлеммен және оның құрамымен санасады. « Сверх-Я»- моральдық ережелерді тасымалдаушылардың бірі болып саналады. Егерде «Я», »Сверх-Я» қарсы тұрып, идтің пайдасына, яғни рахаттануға шешім алса. Ол өзін кінәлімін деп айыптайды. Демек , қақтығыстық жағдайлар аса күшті толқыну сезімдерінен пайда болады. Аталған ауыр жағдайдан «Я» арнайы «қорғаныс механизмдердің»- тықсыру, регрессия, сублимация т.б. көмегімен құтылады. Регрессия- мінез-құлықтың немесе ойлаудың қолайсыз түрде ығысуы. Сублимация – тыйым салынатын секстік энергияның қоғам мен адамның жеке басына жарайтын түрлеріне ауысуы. Проекция – басқа адамға өзінің махаббатағы уайымын немесе жеккөрушілік қасиетін тасымалдау. З.Фрейд сексуалдық трактатын кең мағынада қарастырған. Оның пірі бойынша, мұның барлығы денеге рахаттану, ләззат алу уақытын сыйлайды. Кішкентай балаға – бұл аймалау, денесін сипалау, құшақтау, сүю сынды әрекеттермен сипатталады. Сексуалдық үйірсектену З.Фрейд бойынша, амбиваленттік сипатта болады. Өмір мен өлімнің инстинктері кездеседі. Эрогендік аймағы – дене аумағы, көбіне стимулға сезімтал аумақтар, либидоноздық сезімге қанағаттануға шақырады. Әр бір кезеңнің либидиноздық аумағы, либидоноздық рахатты тудырады. Аталған аумақатырдың араласуы психикалық дамудың кезеңдерін тудырады. Психонаналитикалық стадиялар: оральдық, анальдық, латенттік, генитальдық, фаллитік. 1)Оральдық стадия (0-1 жас) оральды стадияда рахат,ләззат алу көзі- баланы омыраумен қоректендірудің белсенділік аумағына шоғырлануы. Оральдық стадия екі фазадан тұрады. Олар : ерте және кеш. Аталған стадиядағы эрогендік аумақатр – ауыз қуысы, баланың омырауды емуі және алғашқы заттарды тани бастауы. Баланың омырауды емуі – балада – сексуальдылықтың көрінуінің бір түрі болып табылады. 2)Анальдық (1-3жас), оральдық стадия сынды екі фазадан тұрады. Бұл стадияда «либидо»жыныстық мүшелернің гигиеналық тазалығына шоғыраланады. Анальды стадияда балада «мен», «оно»импульсын қадағалауға мүмкіндік береді. 3) Фаллитік стадия (3-5 жас).Баланың жоғары сексуальдық баспалдағының дамыған шағы. Эрогендік аумақтың жетекшісі – генитальды орган болып табылады. Осыған дейін баланың сексуальдығы аутоэротикалық сипатта болса, осы стадияда балалар ерсектерге деген сексуальдық үйірсектікті байқатады. 4)Латенттік стадия (5-12жас)- жыныстық қызығушылықтың төмендеуімен сипатталады. «мен» психикалық инстанциясы. «оно»-ның қажеттілігін қадағалап отырады. «либидо»энергиясы сексуальдық мақсаттан, жалпы адамдық тәжірбиеге, яғни ғылымға және мәдениетке негізделген. Сондай-ақ достарымен, құрбыластарымен қарым –қатынасқа түсуі. 5)Генитальдық стадия (12-18 жас)- балақы сексуальдықұмтылудың жоғарлауымен сипатталады. Енді өткен эрогендік аумақтар бірігеді және З. Фрейдтің көзқарасы бойынша , жеткіншектер бір ғана мақсатқа ұмытылады. Ол қалапты жыныстық қарым –қатынаста болу. Бұл стадияда «мен»инстанциясы «оно»-ның агрессивтік импульстарына қайшылық көрсетуге тырысады. Себебі осы кезеңде «оно» өз функциясын жандандыруға бар күшін сала бастайды. Зигмунд Фрейдтің осы классикалық теориясын ары қарай Анна Фрейд жалғастырды. «Норма и патология детского развития » (1965) - атты еңбегінде балаларға деген психоаналитикалық қызығушылығын ашып көрсетті. А.Фрейд классикалық психоанализді дәстүрлі түрде көрсете отырып, жеке бастың тұрақты құрамын үш бөлімге бөлді. Ол »Я», «Оно»,» Сверх –Я». Инстинктивті бөлімі өз алдына, сексуальдықты және агрессивтілікті құрайды. Сексуальды инстинкттің дамуы, классикалық психоанализ ретінде анықтай отырып, либидоноздық фазамен байланыстырылады.( оральды, латенті т.б.).Осы аталған фазалар мінез –құлықтың мынандай түрлеріндегі агрессиялық дамудан көруге болады. Ол, яғни тістелеу,түкіру, жармасу (оральды агрессия); қатыгездік (анальды садизмнің тууынан), мақтаншақтық ( фаллиті стадияда). Сонымен , «Я» қасиетті А.Фрейд өзіңдік қорғану механизмі деп тұжырымдайды. Ал, «Сверх-Я» қасиетін ата –анасының идентификациялық және интериоризациялық авторитеті деп көрсетеді. Баланың әр бір даму фазасында, ішкі инстинктивтік әсері және сыртқы ортаның шектеулігігі қақтығыстарды жеңу болып табылады. А.Фрейдтің айтуынша, осы фазаларды ескере отырып, баланың өміріндегі даму сызығының , шексіз сферасының санын құруға болады. Демек, бала ең алғаш даму жолында бір қадам алға, бір қадам артқа жасайды. Яғни, әрбір қадамға байланысты бала даму үстінде болады. Ол баланың «Я»деген қасиетін бала дамуының әлуеметтік процес ретінде қарастырады, осған байланысты бала әрбір даму жолында заңға бағынышты болады. Нәресте жаңа туған кезде тек бір ғана заңды біледі. Ол анасының –күтімі. Егерде, ана баласына барлық жағдайды жасап отырса онда, бала тез дамиды және анасына қатты бағынады. Ал, егер де, анасы баласына жағдай жасамаса рнда, бала дербес болып өседі.Осыған байланысты балалардың үлгілі болуын, тәртібін, мінез-құлқын ауыр жеңіл болуын айыра аламыз. А.Фрейдтің ойынша әр бір қалыпты элемент бала өміріне әсер етеді және де асушаң, қызғаншақ, өз-өзіне қол жұмсау, кесір болу. Осылар баланы әлеуметтік жағдайдан тыс нәрселерге итермелейді . Әлеуметтендіру балаларды осыдан қорғайды. Қорғану процесі «Я» деген қасиетте басты орын алады. «Сверх-Я»деген қасиеттінде бала үшін өзінше шешім қабылдау болып табылады.Бала тек қана қоршаған ортаға бағынбайды. Сонымен қатар, өзін сол ортаның мүшесі ретінде санайды. Бұл кезде балада жаңа қадамдар пайда болады. Ол жанұядан, мектепке, мектептен қоғамдық өмірге яғни ,осылардың әрбір қадамы өзіңдік шешім қабылдауға көмектеседі. Анна Фрейд бала өміріндегі ең басты жетістігі қандай деген сұраққа былай жауап береді « ойын,оқу, ерікті әрекетті фантазиялары, жылы қатынас» яғни, осылар бала үшін маңызды болып табылады. Ал, Эрик Эриксонның жеке бастың дамуының эпигенетикалық теориясын былай қарастырады. Жеке бастың дамуында міндетті түрде адам алғашқы туғаннан соңғы күніне дейін өткізетін даму сатыларындағы генетикалық болжамдар. Э.Эриксонның жеке бас өсуі ойтұжырымдамасындағы мәнді жағын атап өтсек: әр бір адамның басынан өтетін өмірлік психологиялық дағдарыстардың сегіз түрін атап көрсетіп, суреттеуінде: 1). Сенімділік- сенімсіздік дағдарысы ( бір жасқа дейін). 2). Күмәнданған мен ұялғанға қарсы өзін-өзі билеу. (2-3 жас аралығында). 3). Кінәлілік сезімге қарсы пайда болатын ықылас (3 жастан 5 жасқа дейін). 4). Толық жетілмеген комплекске қарсы еңбексүйгіштік (7-ден 12 жасқа дейін). 5). Жеке даралық пен конформизге қарсы жеке бастың өзін-өзі анықтауы. (12 ден 18 жасқа дейін). 6). Тұлғалық психологиялық оңашалануға қарсы сырластық пен ақ-жарқындық (20жас маңайында). 7). Тұйықтануға немесе өзі туралы ойлауға қарама- қарсы жаңа жеткіншектердің тәрбиелеудегі қамқорлық (30 бен 60 жас аралығында). 8). Түңілуге қарама –қарсы өткен өміріне риза болу (60 жастан жоғары). Жеке бастың қалыптасуы Эриксонның тұжырымдамасында кезеңдердің алмасуы сияқты түсінідіріледі. Әр кезеңде сапалы өзгерістерге ұшыраған адамның ішкі жан дүниесі мен оны қоршаған адамдармен қарым-қатынастарының түбегейлі өзгеруі. Осының нәтижесінде ол жке бас ретінде дәл осы даму кезеңіне сипатталған жаңа өзгеріс пайда болады және ол білініп тұратын іздер қалдырып қалған барлық өмірінде сақталады. Жеке бастың өзінің жаңа өзгерістері Эриксон бойынша бос жерде пайда болмайды- олардың белгілі бір кезеңде пайда болуы жеке бастың кезекті өсуіне байланысты. Жеке баста жаңа зат (бекіп) пайда болып бекуіне өткен уақытта қалыптасқан белгілі бір психологиялық және тәрбиелілік жағдайлар әсер етеді. Жеке бас сияқтты қалыптаса және өсе, адам жақсы қасиеттерді ғана игермей, кемшіліктер де игереді. Жекеше тұлғалық өсуді, барлық жақсы және жаман өзгерістерді бөлшектеп біркелкі ойтұжырымда көрсету қиын. Осы қиындықты ескере отырып Эриксон өзінің тұжырымдамасында, дамудың екі ақырғы сызыған көрсеткен: бұл қалыпты және қалыпсыз. Жеке түрде адамның тұлғалық дамудың әр түрлі аралық нұсқауларын еңгізді. Эриксон бойынша жеке бастық (тұлғалық) өсудің кезеңдері Даму кезеңі | Қалыпты даму сызығы | Қалыпсыз(анамальды) даму кезеңі. | Нәрестелік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін) | Адамдарға сенімі. Өзара махаббаты, жақындығы, өзара түсінісуі нәрестеге қажетті және басқа өмірілік маңызы бар қажетті нәрселермен қанағанттандыру. | Адамдарға сенімсіздігі анасының баламен нашар қарым қатынасқа түсуі, керек қылмауы, махаббаттан айыруынан туындайды. Төстен ерте суалтып,ананың жылуынан айыру. | Ерте сәбилік шақ (1 жас тан 3 жасқа дейін). | Дербестік, өзіне сенімділік. Бала өз бетінше, жеке, бірақ әліде болса ата-анаға тәуелді адам сияқты қарайды өзіне. | өзіне сенбеушілік , қысылған ұялшақтық сезім, бала өзінінің қабілеттерінен күмәнданады, өзін ештемеге үйренбейтіндей болып сезінеді. Жай қозғалыстардан да жасқанады, мысалы, жүруден, нашар сөйлегеннен, айналасындағы адамдардан кемшіліктерін жасыруға тырысады. | Ерте балалық шақ (3 жас пен 5 жас аралығында) | Білімқұмарлық, белсенділік, ширақтықпен қабылдау, қоршаған ортаны қызығушылықпен зерттеу, үлкендерге ұқсағысы келіп, әр түрлі қаиымл жасау. | Еңжарлық пен адамға немқұрайлықпен қарау, босаңдық, ынтасы жоқтық, басқа балалрға қызғаныш сезіммен қарау, тұйықтық, әр түрлі қимыл жасаудан бас тарту. | Естияр балалық шақ (5 тен 11 жасқа дейін). | Еңбексүйгіштік, борышын сезіну және жақсы жетістіктерге жетуге тырысу. Білу және сөйлеу қабілеттерімен дағдыларының қалыптасуы. Болатын істі алдын қойып, оны шешу. Ойын мен қиялға мақсат қойып, жақсы жеңу жағын ойластыру.Керекті заттардың қозғалысының құралдарын белсенді меңгеру, мінедттерін бағдарлаау. | Толық жетілмегенін сезіну. Еңбекке деген қабілетінің әлсіздігі. Қиын тапсырма, жағдай, басқалармен жарысудан қашу. өзінің жетілмегендігін, өмір бойы орташа болып жүретінін қатты сезіну. Бір өзгерісті күткенде немесе толық үлкендігін сезгенде уақытша басылып қалу. өте жуастық, құлдың тәрбиесі.әр түрлі істі шешерде өзінің әлі жетпейтінін сезіну. | Жынстық жетілу, жеткіншек шақ пен жастық шақ (11 жастан 20 жасқа дейін). | өмірде өзін анықтау. Болашшаққа уақытша жоспар туындау. Қандай болам? Кім болам? деген сұрақтарда өзін-өзі анықтау. Өзін табу үшін белсенді іздену, әр түрлі ролдерде өзін байқау.Оқу. Тұлғалық қарым-қатынас тәрбиесінің формаларнда жыныстық тәрбиені анық түсіну. Дүниетанымның қалыптасуы. Құрдастарының арасында жетекшілікті өзіне алу, керек болғанда оларға бағыну. | Ролдерді шатастыру. Болашақ ғана ойламай, осы шақ пен өткен шақты ойлау. Барлық жан дүниесін өзін-өзі анықтауға салуы сыртқы әлеммен және адамдармен қарым-қатынасының күшейуіне кедергі болу. Еңбекке белсенділігін жоғалту. Имандылық пен дүниетанымдық нұсқамаларды шатастыру. | Ерте ересектік (20 –дан 45 жасқа дейін). | Адамдарға жақын болу.Адамдармен қарым-қатынасқа ұмытылып. Оларға өзін арнау (көмек беру). Бала туу және оларды тәрбиелеу.Махаббат пен жұмыс. Өміріне риза болу. | Адамдардан оңашалану. Адамдардан қашу, әсіресе жақын, ашына қарым-қатынастардан қашу. Мінездің қиындығы. Түсінбейтін қарым-қатынастар мен күтпеген тәрбие. Ауытқу , оқшаулану, көңіл- күйінеәсер етуі. | Орта ерсектік (40тан-45 –60 жасқа дейін ).Орта жас. | Шығармашылық . Өзімен және басқа адамдармен өнімді шығармашылық жұмыс. Кемелді, жан-жақты өмір. Жанұя қарым-қатынасна қанағаттану. Балаларын мақтаныш тұту. Жаңа жеткіншектерді оқытып тәрбиелеу. | Тоқырау. Өзін ойлаумен өту. Жұмыстағы өнімсіздік. Ерте мүгедек болу. Құдайдан өзін ғана сұрап, өзіне ғана қамқор болу. | Қарт ересектік (60 жастан жоғары). | Толық өмір сүру. Өткенді ойлау, оны бағалау. өткен өмірі қандай, сондай қылып оны қабылдау. өткен өмірінің толық және пайдалы екенін сезіну. Болатынның бәріне көну. өлімнен қорпау керек екенін түсіну. | Түңілу.Өмірдің босқа өткенін, аз уақыт қалғанын, уақыт жылдам өтіп бара жатқанын сезіну. Басқа өмір үріп жүргенін сезіну. Өз-өзіне сенімді жоғалту. Қайтадан өмір сүруді армандау, өмірден лғанын азсынып, бұрынғыдан көбірек алуға ұмтылу. Алжу,тақалып келе жатқан өлімнен қорқу. | Бұнда, Э.Эриксон даму кезеңдерінің сегізге бөліп, жоғарыда айтылған жас қосылудағы дағдарыстарды суреттейді. Бірінші кезеңде баланың дамуы үлкендердің, оның ішінде, анасының қарым-қатынасына байланысты. Бұл кезеңде баланың адамдарды жатырқау және жатырқамауы қалыптасады. Екінші кезеңде балада өз бетімен өсіп, сенімділік пайда болады. Бұлардың қадыптасуына үлкендердің балаға деген қарым-қатынасы көп әсер етеді. Үш жасынан бастап баланың тұлғалық тәрбиесі мен мінезі қалыптаса бастайды- дейді Эриксон өхзінің зерттеулерінде. Баланың дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкендер әсер етеді, бірақ зерттеулерде басты роль заттық қызметке байланысты дегенмен, үш жасар бала өзін кішкене тұлға ретінде де ұстайтынына күмән жоқ. Үшінші және төтрінші даму кезеңдері, Эриксон бойынша, толығымен Д.Б.Эльконин және басқа өзіміздің психологтарымыздың ойларымен сәйкес келеді. Берілген тұжырымда оқу және еңбек қызметінің баланың (5-11 жас аралығындағы) психикалық дамуына үлкен маңызы бар. Біздің ғалымдарымыздың Эриксонның көзқарастарынан айырмашылығы ол баланың іскерлігі мен дағдыларына көңіл бөлмей, оның қасиеттеріне қарайды: белсенділігі мен еңбексүйгіштігіне, оған қарама қарсы енжарлық пен еңбек еткісі келмейтіндігінде. Жеке бастың келесі даму кезеңдері отандас писхологтардың назарларында көрсетілмеген. өмірдегі әлеуметтік ролдер адамды көп нәрсеге жаңадан қарауға әсер етеді. Әсіресе, жеке бас даму ерте ересектік жастық шақтан кейін келетін, кезеңіне көңіл бөлгенде ғана белігілі. Сонымен, Э.Эриксон көрсеткен анамальды (қалыпсыз) даму сызығы бұл тек жас аралығында көп дау туғызды. Бұл даму кезеңнің басқа формалары да болуы мүмкін. Яғни, Эриксон жүйелі көзқарасына психоанализ бен клиникалық практика қатты әсер етті. ЗФрейд адамзаттық мінез-құлықты нақыты оқып үйрену арқылы невроздық қақтығысты түсінуге болады деді. Ал, Э.Эриксон алынған жалпы құбылыс тек қана невроздың аналогиясы ғана-деп санамайды. Оның ойынша, «Я» адамзаттық негіз яғни қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының түбірі болып табылады. Э.Эриксон психонаналитикалық тұжырымдамасында «Я» және қоғамды қатынасын құрды. Сонымен бірге оның тұжырымдасында – бұл балалық шақ тұжырымдасы болды. Дәлірек келгенде адамзатқа ғана ұзақ балалық шақ тән.Сонымен бірге қоғам балалық шақтын ұзақ болуына әкеледі. «балалақ шақтын жалғасуы ол адамның техникалық және интеллектуалды ойының әбден машықтануына, сондай-ақ ол адамның өмір бойғы жетілмеген эмоциональды ізін қалдырады»- деп жазды. Э.Эриксон. Бала дамуындағы оқытудың жетекші ролі. Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысы олар ұйымдастырып бағыт беріп отырады. Баланың практикалық іс-әрекеті үйретудің (оқыту) нәтижесінде қалыптасады. Ж.Пиаже 1921-22 жылы баланы оқытсанда, оқытпасанда психикасының дамуына, ақыл ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Осыған орай, зерттеулерде көрсеткендей бала психикасы тек оқытудың негізінде дамиды. Ү |