МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 8 страница





● көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, тұнжырауымен, үйінен қашып кетумен, өзіне қол жұмсауға талпыныстық ойлармен,

● мінез-құлқының өзгерістерімен (қатігездікпен, айналасындағыларды бүлдіріп шағумен, әлеуметтік жағдайларға қарсы әрекеттермен),

● мектепте сабақ үлгерімі нашарлауымен, жақсылыққа деген бейжайлықпен, қызығушылықтың жоғалуымен т.с.с. белгілермен көрінеді.

Егде адамдарда маскүнемдік жиі аңғарылмайды. Оларда оның белгілері өте құбылмалы болып келеді. Маскүнемдіктің көріністерін жиі созылмалы аурулардың әйгіленімдеріне немесе қарттық өзгерістерге жатқызады. Еркектер маскүнемдікке 5 есе жиі ұшырайды. Әйелдер ішімдікті көбінесе жасырынып ішеді және оларда маскүнемдік тезірек дамиды.

Организмдегі этанолдың өзгерістері.

Қабылданған этил спирті асқазан мен ашішекте тез қанға сіңіріледі және онда айналып жүріп жасушаларға жеңіл өтеді. Оның 90%-ы сағатына 5-10 мл жылдамдықпен СО2 және Н2О – ға дейін тотығады, ал 5-10%-ы деммен, термен, несепппен, нәжіспен сыртқа шығарылады. Ол бауырда алкогольдегидрогеназа ферментінің қатысуымен ацетальдегидке дейін ыдыратылады. Бұл зат ары қарай ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің қатысуымен су мен көмірқышқылы газына дейін тотығады. Ацетальдегидтің бір бөлігі қанмен айналып жүріп, ағза мен тін жасушаларына жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді. Ол мида дофаминнің және апиынға жауап қайтаратын жүйенің түзілуін көбейтеді. Мидағы дофаминге және апиынға жауап қайтаратын жүйелер өзара тығыз байланысты болады. Осыдан мидың қызметтері бұзылады. Бұл бұзылыстар қандағы этанолдың деңгейімен тікелей байланысты. Егер қанда оның деңгейі 50 мг%- болса, онда ол көңіл-күйдің қобалжуын басады, 50-150 мг% болғанда – қимыл-қозғалыстың үйлесімдігін бұзады, 150-200 мг% болғанда - ауыр уыттандыру туындатып, организмнің қатты қозуына әкеледі, ал 300-400 мг% -ке жеткенде адамды есінен тандырады да, 400 мг%-дан асқанда адамның өліміне әкеледі.

Маскүнемдікпен ауыратын адамдарда ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің белсенділігі қатты төмендеген болады. Тектік ерекшеліктерге байланысты оның аз белсенділігі тіпті бар жоғы 20-30 мл арақ ішкеннен кейін-ақ ацетальдегидтің қандағы деңгейін қатты көбейтеді. Осыдан кейбір адамдардың беттері аз ішімдік ішкеннің өзінде қызарып кетеді.

Маскүнемдіктің клиникалық көріністері:

жалпылама көріністері:

адамның бет әлпеті әжімделіп, қартайып көрінеді, беті домбыққан, қызғылтым болады, артынан қызарады. Ары қарай ішпегенде қызару біртіндеп кетеді. Бірақ бозарған бет ұштарында, мұрын желбезектерінде, мойында, ұртта, кеуденің жоғары жақтарында қан тамырлары кеңейіп керілген болады;

болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін қалпына келеді;



мінез-құлқы мен тәртібінің өзгерістері (көңіл-күйінің тұнжырауы, үрей, ұйқысы қашу т.с.с.) байқалады;

әлеуметтік жағдайларға бейімделуі бұзылады. Рухы азаюы, настық, қалай болса солай киіну, отбасында шиеленістерге бару (жұбайынан ажырасу, бөлек тұру), айналасынан оқшаулану, заң бұзушылыққа бару, рухани және физикалық жайсыздықтардың арақ ішкеннен кейін жоғалуы т.б. белгілер байқалады;

бірнеше қабат арақты қоюға немесе оны аз ішуге нәтижесіз талпыныстар жасайды;

ішімдік ішуден басқада шаруасы болмайды;

жұмысқа деген қабілеті мен қызығушылығы азаяды, бірге істейтін әріптестерімен қақтығысу, жұмысқа кешігу, жұмыс орнын жиі ауыстыру т.с.с. белгілермен көрінеді;

мастық кезінде жасағандарын ұмытып қалады;

отбасы мүшелерінің немесе достарының ішімдік ішуден өзгерген тәртібіне шағымданулары болады.

● ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады:

♣ жүйке жүйесінің бұзылыстарынан: энцефалопатия, психоздар дамуы, көңіл-күйдің толқулары, маскүнемдік елірме, әртүрлі елестер мен сандырақтар, соның ішінде қызғаныштық сандырақтар, өзіне қол жұмсауға талпыну, озбырлыққа бейімділік, соңғы өткен оқиғаларға жадының әлсіреуі, шеткері жүйкелердің бұзылыстары дамиды. Ауыр түрлерінде ақыл-есінен адасады. Маскүнемдіктің нәтижесінде миға қан құйылу, қояншық ауруына ұқсас ұстамалар, дірілдеу-қалтылдау, қимыл-қозғалыстың бұзылыстары, есту және көру жүйкелерінің семуі байқалады;

♣ ас қорыту жолдарының бұзылыстарынан: тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, бауырдың созылмалы дерттері (онда май шоғырлануы, цирроз), асқазан мен ұлтабарда ойық жара, ұйқыбездің қабынуы (панкреатит) дамуы, астың және онымен бірге витаминдердің, аминқышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары байқалады;

♣ жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылыстарынан: шамалы артериялық гипертензия, жүрек аритмиялары, маскүнемдік кардиомиопатиялар дамиды;

♣ тыныс алу жүйесінде жиі аспирациалық пневмония, бронхит байқалады;

♣ эндокриндік жүйенің бұзылыстарынан зат алмасуларының өзгерістері: гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперлипидемия, гиперлипопротеидемия, гипербеталипопротеидемия дамуына, беттің және кеуденің жоғары жақтарына май жиналуына, еркектердің емдектерінің ұлғаюына (гинекомастия) әкеледі. Ішімдіктен ессіз күй жағдайларында гипогликемиядан адам жиі жан тапсырады.

Маскүнемдіктің даму сатылары. Маскүнемдік үш сатыда өтеді. Бірінші сатысы 1 ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады, артық ішкеннен кейін құсу болмайды, масаю кезінде істегендерін ұмытып қалады. Науқастарда рухани тәуелділік дамып, ұдайы ішкісі келіп тұрады, ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді. Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқалмайды.

Екіншісатысы (5-15 жыл) ішімдікті көп және күнделікті іше бастайды. Ол көңіл-күйінің қобалжуын енді баспайды, керісінше оны тек қоздырады. Жадында сақтау қабілеті жоғалады, көңіл-күйінің сәттілігі ұдайы ішімдік қабылдаудан байланысты болады. Ішпеген жағдайда ойлау әрекеттері бұзылады, ой жұмысын атқара алмайды. Есілдерті ішімдік ішуге ғана ауып тұрады. Инабаттылық, адамгершілік, ізеттілік деген ұғымдардан алыстай түседі. Ішпеген жағдайда көңіл-күйі басыңқы болып, ашушаңдыққа бой алдырады, жұмысқа деген қабілеті жоғалады. Ішімдік ішуден кейін әл-қуаты артады.

Доғару синдромы: денесінің жоғары жақтары қызаруымен, бет әлпеті домбығуымен, қол басы мен саусақтарының қалтылдауымен, тәбеттің жоғалуымен, ұйқы қашуымен, бас ауыруымен және бас айналуымен, көз қарашығы кеңеюмен, жүрек және құрсақ аумақтарында ауыру сезімі болуымен көрінеді. Адамның шабыты жоғалады, парасаты төмендейді, ол болар болмасқа ашушаң болады. Басында мастық кезінде ғана байқалатын қызғаныштық сандырақтар, енді тұрақты түрде байқалады. Осыдан өзін қоршаған адамдарға қауіп төндіре бастайды. Бұл кезде кез келген дерт, жарақат немесе хирургиялық операциялық әрекеттер ауыр маскүнемдік психоздармен асқынуы ықтимал. Ішімдіктің көп мөлшерлеріне төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. Сондықтан бұндай адамдарға наркоз беру үшін қолданылатын наркоздық дәрілердің өлшемі өте жоғары болуды қажет етеді.

Бұл сатысы кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер, көз көру алаңы тарылуы, көздердің бірікпей еріксіз қозғалыстары, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары т.с.с. байқалады. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауырдың, ас қорыту жолдарының т.б. аурулары дамиды.

Үшінші сатысы (5-10 жыл) кезінде ішімділікке төзімділік азаяды. Бірнеше күн ішкеннен кейін әл-қуаты, жан-дүниесі кеміп, белгілі уақыт ішуді тоқтатуға мәжбүр болады. Болар-болмас ішкеннің өзінен қатты масаяды. Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады, ол тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұруға жарайды. Әрбір ішкеннен кейін істегендерін ұмытып қалады. Бұл кезде ауыр жан-дүниелік өзгерістер дамиды. Ұдайы ішуге деген ұмтылыс адамның өмірінің мәніне айналады. Ішімдікке организм төзімділігінің аздығынан, өзінің шамасын дұрыс бағалай алмаудан науқас адам жиі өлімге ұшырайды.

Бұл кездедоғару синдромыадамның енжарлығымен, бейжайлығымен, қан қысымының төмендеуімен, терісінің бозаруымен және көгілдірленуімен, суық тер шығуымен, бұлшықеттердің әлсіздігімен, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстарымен көрінеді. Бұндай адамдардың жүйкесі толық тозған, эмоциясы жоғалған, мінез-құлқы ашушаң, қатігез болады және айналасындағыларға тек өшіккендік сезім қалыптасады. Оларда энцефалопатия, полиневриттер дамиды, артынан ақыл-есінен адасу, ұдайы елестер және қызғаныштық сандырақтар болады. Сонымен бірге барлық ішкі ағзалардың (жүректің, бауырдың, ішек-қарынның, бүйректің, т.б.) және жүйелердің қызметтері бұзылады. Маскүнемдікпен ауыратын адамдардың 5-8 % -нда доғару синдромы сана-сезімінің бұзылуымен, әртүрлі елестермен, селкілдекпен, жүрек, тыныс алу қызметтерінің бұзылыстарымен және өліммен аяқталуы ықтимал.

Темекі түтінінің әсері.

Темекі шегуде уытқорлықтың бір түріне жатады.Темекінің түтінінде көміртегі тотығы, никотин, 3,4-бенз(а)пирен, азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с. көптеген зиянды заттар болады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және, жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады. Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.

Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, семіруден сақтандырады, көңіл-күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны белгілі. Шылым шегу:

● жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларына әкелетіні дәлелденген. Темекі түтініндегі көміртегі тотығының және никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, аяқ-қол тамырларының ішкі саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды;

● шылым тартудан созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі (вентиляциясы) бұзылады. Темекінің түтіні өкпе ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизосомаларын бүліндіріп, олардың фагоцитоздық белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда ц ГМФ алмасуы бұзылудан болады - деген жорамал бар;

● темекі шегу өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп-қатер төндіреді. Өйткені темекі түтінінде болатын 3,4-бенз(а)пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға жатады;

● темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс, дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді, қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның қатты қабаты бүліністеріне әкеледі;

● темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің талаурап қабынуы жиі кездеседі;

● жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, жүктіліктің асқынулары байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері жиілейді (трансплаценталық канцерогенезді қараңыз). Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады;

● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса да, доғару синдромының белгілері байқалады. Олар нашақорлар мен уытқорлардағыдай ауыр рухани және физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минөт өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде адамның қатты темекі тарқысы келеді, көңіл-күйінің жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы басу немесе ұйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады. Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек болады.

 

Дәрі-дәрмектердің зиянды жағымсыз әсерлері.

Адам ауруларын емдеуде дәрі-дәрмектердің маңызы өте зор. Бірақ науқас адамның организміне дәрінің емдік әсерімен қатар, кейде тіпті оған қауіп төндіретін дерт туындататын да, зиянды, жағымсыз әсері болуы ықтимал. ХХ -ғасырдың басында хлорамфеникол қабылдаған адамдарда агранилоцитоз, жүкті әйелдер талидамид қабылдағанда олардан туған балаларда әртүрлі туа біткен ақаулар дамитыны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген мемлекеттерде дәрі-дәрмектердің жағымсыз зиянды әсерлерін зерттейтін орталықтар ашылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) оларды қадағалайтын орталық ұйымдастырды.

Ауруды аңғару, одан сақтандыру және емдеу үшін қолданылатын дәрінің әдеттегі мөлшерін тағайындағанның өзінде күтпеген жерден пайда болатын кезкелген жағымсыз, организмге зиянды әсерлерін дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсері (ДЖӘ) –дейді.Бүгінгі күні дәрілерді пайдаланудан дамитын дерттер күннен күнге өсіп бара жатыр. Бұл дәрілік дерттер3,2 % жағдайларда адам өліміне әкеледі.

Олардың жиілеуі мына себептерден байланысты:

● ел арасында дәрілерді қабылдаудың көбейіп кетуі;

● дәрілерді жеңіл табудан адамдардың өзін-өзі емдеудің кең тарап кетуі;

● дәрілердің жағымсыз әсерлері туралы ел арасында медициналық ақпараттардың болмауы немесе тым аз болуы;

● ауруларды емдеу үшін көптеген дәрілерді орынсыз тағайындау.

Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері.

Дәрілердің жағымсыз әсерлерін бірнеше түрлерге ажыратады. Оларды жіктеу әртүрлі негіздерде болады.

● пайда болу сипатына қарай: тікелей (біріншілік)және салдарлық (артынан дамитын) жағымсыз әсер – деп бөледі.

Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен жасуша ішілік құрылымдарға тікелей бүліндіруші әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің гипертониялық ерітіндісі тері астына енгізілуден шелмайдың бірден өлеттенуі болады.

Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек-қарын және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы кардиомициттердің қызметтерін бұзады. Ацетилсалицил қышқылы простагландиндердің түзілуін тежеп, асқазанда ойық жара дамытады.

● пайда болу себептеріне қарай:

♥ дәрілердің фармакологиялық қасиеттеріне байланысты дамитын;

♥ организмнің даралық ерекшеліктеріне байланысты дамитын;

♥ қоршаған ортанының ықпалдарына байланысты дамитын – деп ажыратады.

● зиянды әсерлердің даму жолдарына (патогенезіне) қарай:

♥ уытты;

♥ аллергиялық (шынайы аллергиялық және жалған аллаергиялық);

♥ идиосинкразия;

♥ өспе туындататын (канцерогендік);

♥ іштегі ұрық дамуына теріс әсер ететін (тератогендік);

♥ дәріге тұрақтылық;

♥ дисбактериоз;

♥ дәріге тәуелділік – деп ажыратады.

Дәрілердің уытты әсерлері.

Дәрілердің уытты әсерлерінің дамуы:

● олардың емдік мақсатта қолданылатын мөлшерлерінен;

● қанда олардың шынайы немесе салыстырмалы түрде тым көбейіп кетуінен;

● оларға организмнің туа біткен немесе жүре пайда болған сезімталдығының көтеріңкі болуынан байқалады.

Кейбір дәрілерді емдік мақсатта ұдайы ұзақ пайдалану қажеттігі болғанда олар организмде жинақталып қалады. Мәселен, жүрек аритмиясын, қояншық ауруын емдейтін т.б. дәрілер. Сонымен қатар оларды организмнен сыртқа шығаратын ағзалардың (бауырдың, бүйректің) қызметтері бұзылыстары да дәрілердің денеде жиналып қалуына әкеледі. Бауырда ыдыратылатын (левомицетин, кальцийдің антагонистері, барбитураттар, хинидин, лидокаин, циметидин, психотроптық дәрілер т.б.) дәрілер бауыр жасушаларының бүліністерінде немесе қақпа көктамырында гипертензия болғанда олардың денеде көп жиналып қалуынан уытты әсерлері байқалады. Мәселен, бауыр аурулары кездерінде хлордиазепам, оксазепам сияқты транквилизаторлардың организмнен жартылай шығарылу кезеңі бірнеше есе артып кетеді. Осыдан көңіл-күйдің ауыр тұнжырауы болады. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде фуросемидтің сыртқа шығарылуы 10 есе, теофиллиннің -15 есе, хинидиннің - 7 есе азаяды.

Бүйрек қызметінің бұзылыстары кездерінде дәрілердің ішкі ағзалар мен тіндеріне және қанда жиналуынан уытты әсер ететін ауыр жағымсыз әсерлер байқалады. Кейде жағымсыз әсерлердің дамуы мен дәрілердің денеден сыртқа шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сүзілу қарқынымен және өзекшелер арқылы несепке шығарылуына (секрециясына) байланысты болмайды. Ал кейбір дәрілердің сыртқа шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сүзілуінің мөлшерінен тікелей байланысты болады. Мәселен, гентамицин т.б. аминогликозидтік антибиотиктер, алғашқы буындардағы цефалоспориндер, ванкомицин, дигоксин, дизопирамид, амфтерицид, флуцитозин, несеппен шығарылатын болғандықтан, несеп сүзілуі мардымсыз азайғанда олар дене тіндерінде және қанда жиналып қалады. Осыдан адамда саңыраулық, бүйрек бүліністері, дигиталиске тән уыттану сияқты ауыр жағымсыз әсерлер дамиды.

Дәрілік заттар жүйке жүйесіне, жүрекке, бүйрекке, бауырға, сүйек кемігіне т.б. ағзаларға уытты әсер етеді. Мәселен, өспелерді емдеуге қолданылатын антрациклиндік антибиотиктер (адриамицин, адрибластин, доксорубицин, фармарубицин т.б. цитостатиктер), туберкулезді емдейтін антибиотиктер жүрек еті және ми жасушаларының мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын үдетіп, кардиомиоциттердің және нейрондардың қызметтерін бұзады. Содан жүректің жиырылу қабілеті төмендейді, жүрек соққылық және минөттік қан көлемдері азаяды, өкпеқап және жүрекқап іштерінде, құрсақта сұйық жиналады, бауыр ісінеді, жүрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігі дамиды. Ми жасушаларының мембраналарында майлардың асқын тотығуынан шартты байланыстардың есте сақталуы және олардың қайта жаңғырығуы бұзылады. Осыдан организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу қабілеті нашарлайды. Цитостатиктердің әсерлерінен сүйек кемігінің қызметі бұзылып, анемия, лейкопения, тромбоцитопения байқалады. Сайып келгенде, көптеген дәрілердің жағымсыз әсерлерінің даму тетіктерінде олардың тін жасушаларының мембраналарында майлардың асқын тотығуын үдетуі маңызды орын алады.

Көптеген дәрілер белгілі бір ағзаға уыттылық көрсетеді. Мәселен, аминогликозидтер, сынапты зәрайдатқылар бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігін туындатады.

Дәрілік жағымсыз әсерлер организмде олардың өзара әрекеттесулерінен де дамиды. Бұл кезде бір ауруды көптеген дәрілермен емдеудің маңызы зор. Тіпті жеңіл аурулардың өздерін орынсыз бірнеше дәрілермен емдеу дәрілерден дамыған дерттердің ауырлығын және пайда болу жиілігін арттырады. Бір өзімен емдегенде уыты жоқ дәрілер басқа дәрілермен қосып қабылдағанда уытты әсер етуі ықтимал. Мәселен, олеандомицин және эритромицин теофиллин мен кофеиннің денеде ыдыратылуын бәсеңдетіп, жүрек айну, құсу, жүйке жүйесінің көтеріңкі қозымдылығы, ұйқы қашу сияқты қанда теофиллин (20 мкг/мл-ден астам) көбеюінен дамитын уыттану белгілерін әйгілендіреді. Жаңа туған нәрестелер мен егде адамдарда бұдан ми ісінуі дамуы мүмкін.

Көптеген дәрілердің микромомалық тотығуын гистаминнің Н 2 – рецептор- ларының тежегіштері (циметидин т.б.) бәсеңсітеді. Сондықтан хинидин мен циметидинді бірге қабылдағанда организмнің тіндері мен қанында хинидиннің мөлшері 40%-ға көбейеді. Циметидин теофиллиннің организмде ыдыратылуы мен одан сыртқа шығарылуын 2,5 есе баяулатады.

Гентамицин бүйрек арқылы сыртқа шығарылу кезінде фуросемидпен өзара әрекеттесіп, қан сұйығында фуросемидтің деңгейін бірнеше есе арттырады. Содан оның әсерінен саңыраулық және, жүрек ырғағының бұзылыстарына әкелетін, ауыр гипокалиемия дамиды.

Салицилаттар мен сульфаниламидтер несептің қышқылдығын арттырып, метотрексаттың несеппен шығарылуын азайтады. Содан ол организмде ұзақ сақталып, бауырдың беріштенуі, панцитопения, анорексия, іш өтулер дамуына әкеледі.

Дәрілердің уытты әсерлері организмнің даралық реактивтілігінің ерекшеліктеріне байланысты дамуы да ықтимал. Олардың дамуында, жоғарыда келтірілген бауыр мен бүйрек қызметтерінің жеткіліксіздігінен басқа, адамның тұқым қуалаушылығына қарай дәрілердің фармакологиялық өзгеру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Содан олардың организмде ыдыратылу жылдамдығы әртүрлі болады. Адамдардың арасында дәрілерді «шапшаң тотықтыратын» және «шабан тотықтыратын» топтар кездеседі. Ақ нәсілді адамдардың 5-9%-да дәрінің ферменттік тотығуы өте баяу өтеді. Сол себепті дәрі организмге қауіп төндіретін мөлшерлерде жиналып қалуы мүмкін.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.