МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 11 страница





Бейнақты жүре пайда болған төзімділікорганизмді физикалық жүктемелерге жаттықтыру, температуралық ықпалдарға шынықтыру, гипоксияға бейімдеу, бейдәстүрлік емдеу тәсілдерін (ине салу, қан алу, дене нүктелерін күйдіріп емдеу т.с.с.) қолдану кездерінде байқалады.

Сонымен реактивтілік организмнің төзімділігі емес, ол төзімділіктің белсенді түрімен жақын келетін түсінік. Кей жағдайларда реактивтілік төмен болғанда төзімділік жоғары болуы мүмкін. Мәселен, жануарлардың қысқы ұйқысы кезінде орталық жүйке жүйесі тежелген, зат алмасу үрдістері азайған, дене қызымы төмендеген, осының бәрі реактивтіліктің төмендегенін көрсетеді. Ал, бұл кезде оттегі жетіспеуіне, жұқпаларға, уыттарға организмнің төзімділігі жоғары болады.

Реактивтілікті түрлік, топтық, даралық деп ажыратады

Түрлік реактивтілік.Түрлік реактивтіліктің мысалы ретінде кейбір жануарлардың қыс мезгілінде ұйқыға жатуын, құстар мен балықтардың жыл маусымына қарай орын ауыстыруларын т.с.с. келтіруге болады. Бұл реактивтілік жануарлардың жалпы түрін және жеке бастарын сақтап қалуға, олардың жаңа ұрпақтарын жалғастыруға бағытталған. Сонымен бірге адам жануарлардың кейбір жұқпалы дерттерімен ауырмайды. Мәселен, адам ірі қара малдың немесе иттердің обасымен ауырмайды, осыған сәйкес құстар қалыпты жағдайда күйдіргі ауруымен ауырмайды.

Топтық реактивтілік.Жалпы адамзат бірнеше топтарға бөлінген. Әрбір ұлттың мыңдаған ғасырлар қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, қоректену ерекшеліктері, өркендеу сатылары адам организмінің реактивтілігіне әсер етпей қоймайды. Мәселен, тамаққа ас түзын көп пайдаланатын ұлттардың арасында артериалық гипертензия жиірек кездесетіні белгілі. Қиыр шығыс және солтүстік аймақтардың тұрғындарының реактивтілігі, оңтүстік аймақтардың тұрғындарына қарағанда, ерекше. Таулы жердің тұрғындарының реактивтілігі жазық жерлерде тұратындардан өзгеше болады. Экологиялық апатты аймақтардың тұрғындарының реактивтілігі, басқа адамдарға қарағанда, біршама өзгерген. Сол себептен дерттердің осы топтардың арасында тарауы да әртүрлі.

Сонымен бірге, адамзат қан топтары, тіндік үйлесімдігінің антигендері, дене бітімдік ерекшеліктері, жынысы, жасы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді. Бұл топтардың реактивтілік ерекшеліктеріне әсер ететіні белгілі.

Даралық реактивтілік - деп жеке тұлғалардың реактивтілігін айтады. Әр адам қайталанбайтын тұлға. Даралық реактивтілікке мысал ретінде мыналарды келтіруге болады. Кейбір адамдардың сүтке төзімділігі төмендеген болса, кейбір адамдардың араққа тез құнығып кетуі байқалады.

Кейбір сау адамдардың арасында олардың эритроциттерінде ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде көптеген дәрілерге (амидопирин, аспирин т. б.) гемолиз тез дамиды. Кейбір адамдарға хлороформ бергенде жүрек қарыншаларының жыпылық аритмиясы дамып, олар тез жан тапсыруы мүмкін. Хлороформ жүрек етінің катехоламиндерге сезімталдығын көтереді.



Даралық реактивтілік арнайыланған (спецификалық) және бейнақты (бейспецификалық) болып, олар өз алдына физиологиялық, патологиялық болып бөлінеді. Физиологиялық арнайыланған даралық реактивтілікке иммунитет жатса, патологиялық түріне аллергия мен иммундық тапшылықты жағдайлар жатады.

Бейнақты реактивтіліктің физиологиялық түрі сыртқы ортаның әртүрлі ықпалдарының әсерлеріне болады. Оның дерттік (патологиялық) түрі организмге көптеген бейнақты бүліндіргіш ықпалдардың (иондағыш сәулелер, улы заттар, ыстық немесе суық температуралар т. с. с.) әсерлерінен дамиды. Сонымен бірге адамда бұрыннан дамыған созылмалы аурулар (атеросклероз, гипертониялық ауру, гепатит, туберкулез, ішек-қарынның аурулары, қантты диабет т. б.) организмнің реактивтілігінің дерттік өзгерістеріне әкеледі.

Даралық реактивтілік — адамның тұқым қуалаайтын тектік және дене бітімдік ерекшеліктеріне, жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің жағдайларына, оның қоректенуіне, қоршаған (әлеуметтік) орта жағдайларына, тұлғаның жас мөлшері мен жынысына т.с.с. көптеген жағдайларға байланысты.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЩ ДАРАЛЫҚ РЕАКТИВТІЛІККЕ ӘСЕРІ.

Даралық реактивтілік тұлғаның орталық жүйке жүйесінің түрлерінен, қызметтік жағдайларына байланысты. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) әлсіз және ұстамсыз түрлері (организмнің дене бітімін қараңыз) күшті және ұстамды, жігерлі түрлеріне қарағанда ауруға жиі шалдығады. И. П. Павловтың зертханасында иттерге жасалған тәжірибелерде олардың ОЖЖ әлсіз және ұстамсыз түрлерінде эксперименттік невроз жеңіл алынатыны байқалды. Эксперименттік неврозбен ауыратын иттердің ішкі ағзаларында дистрофиялық өзгерістер, өспелердің дамуы жиі байқалады.

Кейбір аурулардың белгілері шартты рефлекс бойынша пайда болатыны белгілі. Мәселен, стенокардия, қояншық, бронхиалық демікпе ауруларының ұстамалары белгілі бір сыртқы орта жағдайларында басталса, артынан ешбір сыртқы әсерсіз-ақ, осы жағдайларда бұл үстамалар қайталана беруі мүмкін.

Жүйке жүйесінде тежелу үрдісі басым болғанда қабынудың өтуі баяулайды, керісінше, қозу үрдісі оны тездетеді. Наркоз кезінде немесе адам қатты үйқыда (мас) болғанда электр ағымының бүліндіргіш әсері әлсірейді.

Сонымен бірге адамды иландыру арқылы дерт дамуына тосқауыл қойып немесе одан сауықтыруға болады.

Мидың лимбикалық жүйесі эмоцияның орталығы болып есептеледі. Сол себептен қатты үрей, қорқыныш, қуаныш сезімдері тұлғаның реактивтілігіне әсер етіп, кейде дерттің пайда болуына әкелсе, кейде оны азайтады.

Даралық реактивтілікте мидағы гипоталамустың маңызы өте үлкен. Мәселен, гипоталамустың астына шыны шарик тігілген жануарлардың өкпесінде, ішек-қарын жолдарында жиі дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Гипоталамуста дербес (вегатативтік) жүйке жүйесінің және эндокриндік бездердің реттеуші орталықтары орналасуынан олардың қызметтері өзгереді.

Жұлынның бүліністері де даралық реактивтіліктің өзгерістеріне әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген көгершіндер қалыпты жағдайда ауырмайтын, күйдіргі ауруымен ауырады.

Даралық реактивтілік дербес жүйке жүйесінің жағдайларына да байланысты. Мәселен, парасимпатикалық жүйке жүйесін қоздырғанда антидене өндірілуі артады, бауырдың уытсыздандыру және тосқауылдық қызметтері көтеріледі. Симпатикалық жүйке қозғанда фагоцитоз күшейеді, зат алмасу артады.

Организмде жүйке жүйесі нәрленістік (трофикалық) қызмет атқарудан, ағзалар мен тіндердің жүйкеленулерінің бұзылыстары оларда дистрофиялар дамуына әкеледі.

Эндокриндік жүйенің әсері. Қоздырғыштардың әсерлеріне жеке тұлғалардың жауап қайтару қабілеті эндокриндік жүйенің ерекшеліктеріне де байланысты. Оның ішінде гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және үйқы, жыныс бездерінің маңызы үлкен. Глюкокортикоидтық гормондар қабынуға қарсы әсер етеді, минералокортикоидтар, керісінше, қабынуды күшейтеді. Сонымен бірге гипертиреоз кезінде қабыну өте қатты өтеді, ал гипотиреоз кезінде ол тым сылбыр, баяу болады. Гипертиреоз кезінде жануарлардың жұқпаларға, уларға және анафилаксияға сезімталдығы көтеріледі. Қантты диабет кезінде реактивтілік қатты төмендейді, денедегі жаралар ұзақ уақыт бітпейді, терінің ұсақ іріңді қабынулары байқалады, жиі туберкулез дамиды.

Иммундық жүйенің әсері.Организм реактивтілігінде иммундық жүйе жағдайларының маңызы үлкен. Иммундық жүйенің тұа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтары, әртүрлі сыртқы орта ықпалдарынан оның тежелуі - организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді (Иммундық жүйенің бұзылыстарын қараңыз).

Организмнің реактивтілігінде дәнекер тіндердің де зор маңызы бар. Олар макрофагтар жүйесін қалыптастырады. Осыдан келіп фагоцитоздық әсер, жараның жазылу қарқыны, тосқауылдық және уытсыздандыру қызметтері дәнекер тіндерінің жағдайларымен байланысты болады.

Организм реактивтілігіне адамның қоректенуініңбұзылыстары да үлкен әсер етеді. Толық ашығу және асқа жарымау реактивтілікті төмендетеді. Бұл кездерде қабыну сылбыр өтеді, антидене өндірілуі төмендейді, көптеген аурулардың өтуі баяулайды, анафилаксиялық жағдай дамымайды. Көптеген жұқпалы аурулар дене қызуы көтерілмей және қабынулық өзгерістерінсіз ауыр түрде өтеді. Тағамда нәруыздардың жетіспеуі жұқпалар мен уыттануларға организмнің төзімділігін төмендетеді. Витаминдердің, микроэлементтердің жетіспеулері де организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді.

Сыртқы орта ықпалдарының маңызы.Организмнің даралық реактивтілігінде сыртқы орта ықпалдарының да маңызы үлкен. Мәселен, суық қанды жануарлардың дене температурасын көтеру арқылы олардың реактивтілігін жоғарылатуға болады. Бұл жағдайларда кесірткелерде, қалыпты жағдайларда дамымайтын, анафилаксияны, бақаларда сіреспені (столбняк), камфоралық эпилепсия ұстамасын алуға болады. Дене температурасын төмендету (гипотермия) арқылы гипоксияға, механикалық жарақаттың әсерлеріне организмнің төзімділігін көтеруге болады.

Сыртқы ортаның адамға әсер етуі әлеуметтік ықпалдармен қабаттасады. Қазіргі өндірістерде — «адам-машина» сияқты жаңа арақатынастардың пайда болуына байланысты адам организмінің реактивтілігі өзгереді. Өндірістік үрдістердің қарқынына адамның ілесе алмауы себепті әртүрлі жан-дүниелік өзгерістер, жарақаттанулар пайда болуы мүмкін. Жұмыста және отбасында микроәлеуметтік қатынастардың бұзылуы адамда ойсоққылықтар (эмоциялық стресстер) дамытады. Бұлардың барлығы организм реактивтілігінің өзгеруіне әкеледі. Сонымен қатар сыртқы ортаның иондағыш сәулелермен, химиялық улы заттармен ластанулары организм реактивтілігіне үлкен әсер етеді. Автокөліктердің шығаратын улы газдарының зардабынан адамдардың вирустар мен микробтарга қарсы төзімділігі азаяды. Осыдан ірі қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен өкпе, жүрек аурулары жиі кездеседі.

Әлемде жылына 1 миллионнан астам тонна пестицидтер өндіріледі. Хлорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада 10 жылдан астам ыдырамай сақталып қалады. Адам денесіне түсіп олар барлық ағзалардың қызметтерін бұзады. Адам денсаулығына тигізетін олардың зияндары, кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, радийбелсенді заттардың зардабынан бірде-бір кем түспейді.

Даралық реактивтілік адамның жасынабайланысты болады. Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің төмен болуы, организмнің кемелденуіне байланысты реактивтіліктің жоғарылауы және қартайған организмнің реактивтілігі қайтадан төмендеуі байқалады.

Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы мына жағдайларга байланысты:

● сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуіне;

● жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне;

● иммундық жүйенің толық дамымауына.

 

Табиғи биологаялық тосқауылдардың жетілмеуі нәтижесінде:

♣ әртүрлі ауру туындататын қоздырғыштар (микробтар, уыттар, улар, иондағыш сәулелер т. б.) организмге жеңіл өтіп кетеді;

♣ жұқпалар мен уытты заттар, бір жерде ұсталып тұрмай, бүкіл денеге тарап кетеді;

♣ улы заттарға, дәрілерге организмнің сезімталдығы көтеріледі.

Жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуінен:

♣ мида гипоталамус, торлы құрылым, көру төмпешігі және мидың сыртқы қыртысы өзара функциялық қарым қатынасқа бірікпеген. Олардың бұлай бірігуі туғаннан кейін 4 айдан соң ғана қалыптасады. Көру төмпешігінде ауырусыну орталығының және оның шеткері қабылдағыштарының толық жетілмеуінен жаңа туған нәрестелерде ауыру сезімі әлсіз болады;

♣ жүйкелік-рефлекстік жолдармен дамитын икемделістік-бейімделістік серпілістердің жеткіліксіздігі байқалады; Қан тамырларының жүйкелік-рефлекстік реттелуі жетілмеуінен нәрестелердің дене қызымы сыртқы ортаның температурасына байланысты болып, ол жоғары болғанда қатты көтеріліп, суық болғанда төмендеп кетеді. Осы себептен олар қансырауға да өте сезімтал болады;

♣ мидың сыртқы қыртысы толық жетілмеуінен және оның қыртыс асты орталықтарға, жұлынға тежегіш әсері болмауынан әртүрлі қоздырғыштарға нәрестелердің организмі шашыранды тараған серпілістермен жауап қайтарады. Сонымен бірге жүйке талшықтарының көпшілігі миелин қабығымен қапталмаған. Мидың сыртқы қыртысының қозымдылығы төмен болып, онда тежелу үрдісі басым болады және ол тез қалжырап қалады. Тіршілікке қажетті үрдістер қыртыс асты құрылымдардың басым қатысуымен атқарылады. Сондықтан әртүрлі ықпалдар жүйкелік үрдістердің бүкіл денеге кең тарауын туындатады. Осыдан жаңа туған нәрестелердің дерттері, бір жерге орнықпай, организмнің жалпы өзгерістерімен: жалпы қобалжумен, баланың жылауымен, тырыспа-селкілдек дамуымен, құсумен, ауыру сезімінің ауырған жерге орналаспай, бүкіл денеге тарауымен т. с. с. аурудың жалпы көріністерімен көрінеді;

♣ гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің жетілмеуі нәтижесінде организмнің бейімделу қабілетінің төмен болуы байқалады. Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы кезінде бүйрек үсті бездерінің қызметі әрдайым жеткіліксіз болады. Өйткені эритроциттердің гемолизінен босаған гемоглобиннен түзілген тура емес билирубин, бүйрек үсті бездерінің жасушаларында жиналып, оларда тотығу-фосфорлану үрдістерін ажыратады. Осыдан қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделуіне қажетті кортикостероидтық гормондардың түзілуі бұзылады.

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен:

♣ иммундық жүйенің, әсіресе оның гуморалдық тетіктерінің, қалыптасуы мен дамуы жеткіліксіз болуынан жас балалар жұқпалы және вирустық аурулармен аурушаң келеді. Сонымен бірге жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туған балаларда, төзімділіктің арнайыланбаған тетіктері де жетілмейді. Мәселен, олардың қанының бактерицидтік қасиеті төмен болады. Туғаннан кейінгі алғашқы апталарында олардың қанында лизоцим және комплемент өте аз болады. Сондықтан терісінің тосқауылдық қызметі біршама болғанына қарамай, олардың денесінде бактериялар тез өсіп-өніп кетеді. Оларда фагоцитозда жиі аяқталмаған болады, екі жасқа дейінгі балаларда интерферон өте аз мөлшерлерде өндіріледі.

♣ жаңа туған нәрестелердің алғашқы екі айларында аллергеннің әсеріне елеулі аллергиялық серпілістер байқалмайды. Оларда аллергиялық серпілістер ішек-қарын жолдарының бұзылыстарымен (құсумен, іш өтулерімен), дерматиттер дамуымен көрінеді.

Ересек организмде жүйке жүйесінің толық дамуымен, тосқауылдық жүйелердің (тері, шырышты қабықтары, гематоэнцефалиялық, гистогематикалық тосқауылдар, лимфалық түйіндер т. б.), антидене өндіру және басқа қорғаныстық мүмкіншіліктердің жақсы жетілуімен қабаттасады.

Қартайған жаста организмнің жұқпаларға төзімділігі қайтадан төмендейді. Өйткені олардың жүйке жүйесінде зат алмасулары өзгереді, тосқауылдық жүйелердің қызметтері әлсірейді, антидене өндіру қабілеті және дәнекер тіндері жасушаларының фагоцитоздық қызметтері азаяды. Мұның барлығы жүйкелік-эндокриндік және иммундық жүйелердің жасқа байла-нысты кері дамуынан болады. Мәселен, қарттарда көптеген шырышты қабықтарының іріңді қабынулары, вирустардың әсерлерінен дамитын тұмау, энцефалиттер т.с.с. жиі байқалады. Бұл аурулар қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерімен,гипертензиялық аурумен, ас қорыту жолдарының созылмалы дерттерімен қабаттасып өтеді.

Қарт адамдардың реактивтілігінің ерекшеліктеріне:

● бір басында көптеген аурулардың болуы;

● ауру белгілерінің көбінесе жасырын түрде өтуі;

● аурудың созылмалы түрде өтуі;

● ауру кезінде икемделу-бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы;

● иммундық жүйесінің жеткіліксіздігі - жатады.

 

Даралық реактивтілік адамның жынысынабайланысты болады. Ер адамдарда атеросклероз, коронаросклероз, миокард инфаркты, гипертензиялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары, подагра, маскүнемдік т.б. жиі кездеседі. Әйелдерде эндокриндік жүйелердің аурулары, құздама, өт-тас ауруы, ішектер мен тері аурулары т. б. жиі кездеседі. Сонымен қатар әйелдер ашығуға, қан кетуге, гипоксияға, организмнің сусыздануына төзімдірек келеді. Өмірдің орташа ұзақтығы әйелдерде, еркектерге қарағанда, біршама ұзақ. Мұндай жынысқа байланысты реактивтілікті, барлық тіршілік үрдісгеріне әсер ететін, гормондық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.

Организмнің реактивтілігіне тұқым қуалаушылық пен дене бітімінің ерекшеліктері үлкен әсер етеді (сәйкес тақырыптарды қараңыз).

Қорыта келгенде, организмнің реактивтілігі дерттің пайда болу себептік байланыстарымен (этиологиясымен) және оның даму жолдарымен (патогенезімен) тығыз байланысты. Сол себептен оны көтермелеу арқылы алдын-ала кейбір ықпалдарға жаттықтырып көптеген аурулардың дамуынан алдын-ала сақтандыруға болады.

 

 

ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Тектік ақпараттардың өзгерістерінен дамитын ауруларды тұқым қуатын аурулар дейді. Оларды туа біткен аурулардан ажырату қажет. Туа біткен аурулардың ішінде тұқым қуатын және тұқым қумайтын (ұрық дамуы кезіндегі ақаулар мен туылу кезіндегі жарақаттар және кесапаттардың нәтижесінде дамитын) аурулар болулары мүмкін. Сонымен бірге кейбір тұқым қуатын аурулар (Гентингтон хореясы, бұлшық еттердің дистрофиясы) тек адам кемелденген шақ кездерінде ғана дамиды. Сондықтан оларды туа біткен ауруларга жатқызуға болмайды.

ТҮҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ.

Тұқым қуалайтын ауруларға организмнің тектік түрінің (генотипінің) өзгерістерін туындататын мутациялар әкеледі. Мутациялар гендік, хромосомалық және геномдық болып ажыратылады.

Гендік мутациялар жекелеген гендердің өзгерістерінен байқалады. Олар ДНК молекуласында кейбір нуклеотидтердің болмауынан немесе басқа нуклеотидтермен ауысып кетуінен дамиды.

Хромосомалық мутациялар хромосомалардың ауытқулары (делеция, дупликация, инверсия, транслокация) нәтижелерінде байқалады. Хромосомалардың құрылымы өзгермей саны өзгеруін (полиплоидия, анеуплоидия) геномдық мутация дейді. Полиплоидия - барлық хромосомалар жиынтығының еселеп көбеюі. Бұл кезде тіршілікке қабілеттілік болмай, өздігінен түсік түседі немесе өлі бала туады. Анеуплоидия – бір немесе бірнеше хромосомалардың жұптарында олардың саны өзгеруі, мәселен, моносомия, трисомия.

Мутация пайда болған жасушаның түріне қарай гаметалық, соматикалық мутациялар болып ажыратылады. Гаметалық мутация жыныстық жасушаларда болады, ол толық өзгерген организмнің дамуына әкеледі және ұрпақтан ұрпаққа ауысады. Соматикалық мутация дененің кейбір жасушаларында болады және ол ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Бұл кезде жаратылысы өзгерген жасушаны макрофагтар мен табиғи жендет жасушалар жойып отырады, ал кейде ол өспе өсуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен бірге, өздігінен дамитын (спонтандық) және белгілі бір түрткілерден дамитын (индукциялық) мутацияларды ажыратады. Спонтандық мутациялар организмнің өзіндегі әлі толық анықталмаған себептерден (зат алмасу өнімдерінің, бос радикалдардың т. б. әсерлерінен) дамиды.

Индукциялық мутация көптеген сыртқы орта ықпалдарының әсерлерінен дамиды. Бұл ықпалдарды мутагендер дейді. Мутагендер физикалық, химиялық және биологиялық болып ажыратылады. Физикалық мутагендер: иондағыш сәулелердің барлық түрлері, үльтракүлгін сәулелер, температуралық әсерлер т. т. жатады. Мутациялардың мөлшері әсер еткен сәулелердің мөлшеріне және жасушалардың бөліну сатыларына қарай өседі. Сәулеленген тіндердегі бос белсенді радикалдардың пайда болуы күрделі физикалық-химиялық үрдістердің бастапқы сатысы болады. Осының нәтижесінде молекулалардың қайта құрылуы және биохимиялық реакциялардың жүруі бұзылады да, аяғында келіп гендердің мутациялары мен хромосомалардың құрылымдары өзгеруіне әкеледі.

Химиялық мутагендерге — мына заттар жатады:

● нәруыздар түзілуін тежейтін цитостатиктер (меркаптопурин, теобромин т. б.);

● алкилдеуші қосындылар, былайша айтқанда ДНК молекуласына алкилді топтарды (метилді, этилді т.с.с.) тасуға қабілетті қосындылар. Оларды ДНК молекуласына ететін әсеріне байланысты радиомиметиктер деп атайды. Өйткені олардың әсер ету тетіктері радиациялық мутагенезге өте ұқсайды;

● асқын тотықтар;

● пуриндер мен пиримидиндер негіздерінің туындылары;

● сыртқы ортаның әртүрлі химиялық қосындылармен ластануы бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі болып қаралады. Мутагендік әсерімен ауылшаруашылығында қолданылатын әртүрлі пестицидтер, гербицидтер, дефолианттар алдыңғы қатарларда тұрады. Осы қосындылардың көпшілігі химиялық және биологиялық өзгерістерге өте тұрақты. Сондықтан да бұл мутагендер олардың өндірілуі және қолданылуы тоқтатылғанына қарамай сыртқы ортада көп уақыт айналып жүре береді;

● дәрілер: биомицин, зарарсыздандыратын заттар (хлорамин).

Биологиялық мутагендерге:

вирустар (қызамықтың, шешектің, қызылшаның, індетті мысқылдың (паротиттің) вирустары);

● биологиялық уыттар;





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.