МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 17 страница





БДҰ жіктеуінде қантты диабеттің басқа сирек кездесетін түрлері де келтірілген. Оларга жоғарыда көрсетілген гормондық диабеттен басқа үйқы безінің қабынулық, некроздық, резекциядан кейінгі т.б. бұзылыстары кездеріндегі диабет және жүкті әйелдердің диабеті т. с. с. жатады.

Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері.

Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды. Бұл кезде көмірсулары алмасуының бастапқы сатылары тежеледі. Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген. Қалыпты жағдайда гексокиназа (бұлшық және жүрек еттерінде, бүйректе) және глюкокиназа (бауырда және май тіндерінде) глюкозаны фосфорлайды: глюкоза + АТФ = глюкоза-6-фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза тотығу-тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны пайдалануы бұзылады.

Инсулиннін жеткіліксіздігі гликогенсинтетаза ферментінің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан бауырда, бұлшықеттерде қантты диабет кезінде глюкозадан гликогеннің түзілуі азаяды да, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Бұл кезде глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды. Сондықтан рибоза мен НАДФ.Н2 коферменті құрылуы азаяды. Ал, бұлар нуклеин және май қышқылдары түзілуіне қажет.

Сонымен бірге инсулин жеткіліксіздігінде амин қышқылдарынан глицериннен, сүт, пирожүзім, кетоглютар қышқылдарынан глюкозаның түзілуі (глюконеогенез) көбейеді.

Сайып келгенде, қантты диабет кезінде инсулиннің жеткіліксіздігінен:

● гексокиназа, глюкокиназа ферменттерінің белсенділігі тежелуден глюкозаның жасуша қабықтары арқылы өтуі және оның тіңдермен пайдаланылуының төмендеуі;

● бауырда, бұлшықеттерде гликоген түзілуі азайып, оның ыдырауының көтерілуі;

● глюкоза-6-фосфатаза ферментінің әсерленуінен глюкозаның фосфорсыздануының немесе фосфор қышқылынан ажырауының артуы;

● пентоздық-фосфаттық тотығу жолдарының бұзылыстарынан көмірсулары өнімдерінің майларға ауысуының азаюы;

● гликонеогенездің артуы сияқты құбылыстар жинақталып келіп гипергликемия дамуына әкеледі.

Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға төзімділігі (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.



Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналады. Мәселен, глюкозаның тотықсыздануынан көптеп полиолдар (сорбитол спирті, фруктоза) түзіледі. Полиолдар мен олардың өнімдері тамыр қабырғаларының жасушаларынан қанға нашар шығарылады және олардың ішінде осмостық қысымды жоғарылатады. Сондықтан жасушаларға судың артық түсуіне және олардың ісінуіне әкеледі. Бұл жасуша ішінде электролиттердің алмасуы бұзылыстарын (калий иондары жасуша сыртына шығып кетеді) туындатады, амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тасымалдануын бөгейді. Жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан АТФ, глутатион мен нәруыздардың түзілулері азаяды.

Қанда глюкозаның артық мөлшері галактозаға айналады да, қантамырларының сыртқы қабығының құрамына кіретін глюкозамингликандардың түзілуі азаяды. Қалыпты жағдайда олар тіректік мембраналарда теріс дәрмен туындатып, қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігін қадағалап тұрады. Сондықтан қантты диабет кезінде әртүрлі тіндерде: қолқада, бүйректе, бүйрек үсті бездерінде, теріде, көздің торлы қабығында, қанда глюкозамингликандардың деңгейі азаяды. Осыдан бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.

Бұл кезде бүйрек қызметінің бұзылыстары дамуын гипергликемиямен және бүйректік қанайналымның бұзылыстарымен түсіндіреді. Қандағы артық глюкоза протеинкиназа С ферментінің белсенділігін арттырып, бүйрек тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді. Содан бүйрек шумақтары арқылы несептің сүзілуі көбейеді, несепке нәруыздардың сүзілуі артады, протеинурия дамиды. Несепке шығарылған нәруыздар мен липидтер қылтамырлар аралық кеңістіктерге жиналып, бүйрек шумақтарының беріштенуін туындатады, нефрослероз дамытады. Осыдан артынан несеп сүзілуі азаяды, уремиялық уыттану байқалады. Бүйрек тамырларының өзгерген эндотелий жасушаларының гипергликемияға сезімталдығы көтеріледі. Сол себепті Виллебранд факторының, плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерінің, тромбомодулиннің, эндотелин-1-дің, нитроксидтің, әртүрлі өсу факторларының өндірілуі көбейеді. Олардың әсерлерінен тромбоциттердің әсерленуі болып, тромбоксан А2, тромбоциттік фактор-4, тромбоглобулин түзілуі артады. Олар өз алдына тромбоциттердің өзара жабысуын күшейтеді. Тромбоксан А2 қан тамырларының жиырылуын туындатады. Осылардың нәтижесінде диабеттік нефропатия дамиды.

Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Бұл кезде бастапқы несепте глюкозаның деңгейі 8,0—10,0 мМ/л-дейін болса, онда ол бүйрек өзекшелерінде толығынан кері сіңіріледі. Бұл бүйрек өзекшелерінің ең жоғары кері сіңіру мүмкіншілігі немесе «бүйрек межесі» деп аталады. Ал, бүйрек шумақтарында қаннан глюкозаның несепке сүзілуі осы көрсетілген деңгейден тым артып кетсе, онда ол, «бүйрек межесінен» өтіп, несеппен сыртқа шығарылады. Глюкозаның несеппен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан сұйығында осмостық қысымның көтерілуіне, шөлдеу сезіміне, полидипсияға (грек. роlуdірsіа – сусамыр, қатты шөл) әкеледі.

Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тіндерге өтуі төмендейді, олардың ыдырауы артады. Аминотрансферазалар мен дезаминдеу ферменттерінің белсенділігі көтеріледі. Амин қышқылдарынан амин топтары бөлініп, зәрнәсілге (мочевинаға) айналуы көбейеді. Сондықтан қан мен несепте оның деңгейі артады. Әдетте ол 3—7 мМ/л (немесе 20-40 мкг%) болады. Амин қышқылдарының қалдықтары глюкоза түзілуіне пайдаланылады, глкжонеогенез артады.Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшықеттердің атрофиясы дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бүл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Май қышқылдарьшың артық ыдырауынан ацетил-КоА көптеп түзіледі. Ацетил-КоА Кребс оралымында, әдеттегідей тотықпай, тіндерде жиналып қалады. Артық ацетил-КоА диабет кезінде холестерин түзілуін көбейтеді. Сонымен бірге бұндай науқас адамдарға сырттан енгізілетін инсулин артерия тамырларындағы тегіс салалы ет жасушаларының өсіп-өнуін күшейтеді. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.

Қантты диабет кезінде түздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ несеппен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың несебінде натрий иондары көбейеді.

Несепте глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8—10 л несеп шығарылады.

Диабеттік кетоацидоз.Қантты диабет кезінде тіндерде кетондық денелердің тотығуы және олардың несеппен шығарылуы шектеледі. Содан организмде кетондық денелердің артық түзілуі ауыр кетоацидоз дамуына әкеледі. Кетоацидоз инсулиннің, бездік жеткіліксіздігі нәтижесінде, толық болмауынан дамиды. Ол организмде газдық емес ацидоз дамуымен, рН төмендеуімен, гипервентиляция, гиперкетонемия, кетонурия дамуларымен сипатталады. Ацетосірке және бетаоксимай қышқылдары организмнен натрий, калий және амоний катиондарымен байланыстырылып шығарылады. Натрий иондарының артық шығарылуынан организмнің сусыздануы, айналымдағы қан көлемінің азаюы, артериалық қан қысым мен бүйрек шумақтарында несеп сүзілудің төмендеуі, метаболизмдік ацидоз т.с.с жағдайлар байқалады. Осы өзгерістердің нәтижесінде диабеттік кома дамиды. Бұл .кезде жүрек айну, құсу, сирек және терең Кусмауль тынысы пайда болады, сана-сезім бірде больш, бірде болмайды, қан қысымы күрт түсіп кетіп, коллапс дамиды. Қанда глюкозаның деңгейі 25 ммоль/л-ден астам, рН төмен болады. Несепте глюкоза мен кетондық денелердің мөлшері көбейеді.

Диабеттік кетоацидозды емдеу тәсілдері организмнің сусыздануын, гипергликемияны, ацидозды аластауға бағытталуы керек. Ол үшін организмге физиологиялық сұйық, инсулин және гидрокарбонат немесе лактат сұйықтарын енгізу қажет. Қазір ұйқы безінің бета-жасушаларын науқас адамдарға ауыстырып отырғызу операциялары қолданылуда.

 

Гипергликемиялық, гиперосмостық қома.

Диабеттік: команың бір түрі болып гипергликемиялық, гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқас адамдарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспа-селкілдек ұстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда глюкозаның деңгейі 55 ммоль/л-ден астам көтеріледі, ал кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз дамымайды. Бұл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.

 

Гипогликемия.

Көмірсулары алмасуы бұзылыстарының келесі бір түрі болып гипогликемия есептеледі. Гипогликемия деп қанда глюкозаның деңгейі 3,5 ммоль/л-ден азайып төмендеуін айтады. Гипогликемия төменде келтірілген жағдайларда дамуы мүмкін:

● организмде инсулиннің деңгейі көтерілуінен;

● инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіз өндірілуінен;

● бауыр аурулары кездерінде;

● тұқым қуалайтын гликогеноздар (Гирке ауруы) кезінде;

● ұзақ ашығудан.

Инсулиннің қандағы деңгейінің көтерілуі глюкозаны бұлшықеттер мен май тіндерінде пайдалануды арттырады, бауырда гликогенолиз бен глюконеогенез үрдістерін тежейді.

Гипогликемия қантты диабетпен ауыратын адамдарға инсулиннің өндірілуін арттыратын сульфонилмочевиналық дәрілерді тым артық енгізуден жиі дамиды. Кейде гипогликемия ұйқы безінің бета-жасушаларында болатын өспе-инсулинома кезінде байқалады.

Инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіздігі қанға глюкозаның түсуіне қажетті үрдістердің: гликогенолиз, глюконеогенез болмауынан гипогликемияға әкеп соғады. Бұндай жағдай Симмондс ауруы, Аддисон ауруы кездерінде байқалады.

Бауырлық гипогликемия бауырдың қызметтерін бұзатын ауыр дерттерінде (гепатиттер, цирроздар) байқалады.

Тұқым қуалайтын гликогеноз (Гирке ауруы) кезінде гипогликемия глюкоза-6-фосфатазаның туа біткен жеткіліксіздігінен дамиды. Бұл фермент глюкозаны босатып алып, оның бауыр, бүйрек жасушаларының қабықтары арқылы қанға өтуін қамтамасыз етеді. Сондықтан көрсетілген ферменттің жеткіліксіздігі глюкозаның бауыр, бүйрек жасушалары ішінде гликоген түрінде ұсталып қалуына, гипогликемияның дамуына әкеледі.

Ауқаттық гипогликемия ұзақ ашығу немесе организмде тағамдық заттардың ыдырауы мен қорытылуының шамадан тыс жоғары көтерілуі (ұзақ ауыр қол жұмысын атқарғанда, қызба, тиретоксикоз) кездерінде кездеседі.

Асқазанның аурулары кездерінде оны хирургиялық тәсілмен толық алып тастаған немесе оны жартылай отағанда сырқат адамдарда тамақ ішкеннен кейін кейде гипогликемия дамиды.Бұл кезде тағамның тікелей ішектерге түсуінен ол тез сіңіріледі де, инсулиннің тым артық өндірілуін күшейтеді. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттан соң гипогликемия дамиды.

Кейде тамақтанудан кейінгі гипогликемия қантты диабеттің бастапқы сатыларында байқалады. Бұндай адамдарда үйқы безінің бета-жасушалары организмге түскен тамаққа сылбыр жауап қайтарады. Сондықтан бұл уақытта қандағы глюкозаның деңгейі қатты көтеріледі. Артынан осы гипергликемияға ұйқы безі көп инсулин шығаруымен жауап қайтарады. Осыдан тамақ ішкеннен кейін 4-5 сағаттан соң гипогликемия дамиды.

Гипогликемияның клиникалық көріністері қандағы глюкоза деңгейінің 2,8 ммоль/л төмендеген кезінде байқалады. Олар негізінен ми қызметінің бұзылыстарымен сипатталады. Мида тотығатын заттың (глюкозаның) азаюына байланысты оттегін пайдалану қатты кемиді. Осыдан мидың «метаболизмдік гипоксиясы» дамиды. Оның белгілері болып мыналар есептеледі:

● ұйқы басу, әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу;

● сана-сезімнің әлсіреуі және жоғалуы, қобалжу, тахикардия, көз көруінің нашарлауы;

● тырыспалық сіңір тартылулары, көздің бірімен бірі байланыспай қимылдауы;

● естен тану, үстіртін тыныс алу, брадикардия, гипотермия, атония, рефлекстердің азайып, жоғалуы.

Артынан мида қайтымсыз өзгерістер пайда болып, өлімге әкеледі...

ОРГАНИЗМДЕ липидтер АЛМАСУларЫНЫҢ БұЗЫЛЫСТАРЫ

Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно-, ди-, және үшглицеридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және балауыз жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглицеридердің құрамынан тұрады. Адамға тәулігіне орташа есеппен 80-100 г.-дай май қажет. Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен. Олар:

● барлық биологиялық мембраналардың құрамына кіреді және олардың өткізгіштік қасиетін, тасымалдық ферменттерінің белсенділігін анықтайды;

● жасуша аралық түйісуді қамтамасыз етеді, жүйкелік серпіндердің тарауына қатысады және жасушаларға тіршілік электр ағымдардың өтуіне кедергілік қасиет көрсетеді;

● көптеген гормондар мен простагландиндердің түзілуіне қатысады;

● организмге қажетті энергия түзілуіне қатысады;

● А, Д, Е, К-витамндеріне еріткіш болады;

● май қышқылдарынан өндірілетін простагландиндер әртүрлі ағзалар мен тіндерге қалыпты жағдайларда және дерттік өзгерістер кездерінде реттеуші әсер етеді;

● холестериннен өт қышқылдары, котикостероидтық және жыныстық гормондар түзіледі;

● липидтердің құрамына кіретін ферменттік кешендер қан ұюына, ас қорытылуына, иммундық үрдістерге маңызды ықпал етеді;

Организм алмастырылмайтын көп қанықпаған май қышқылдары мен майда еритін витаминдарден басқа липидтедің бәрін өзі өндіре алады.

Өсімдік майларында витаминдер, фосфолипидтер және стериндер болады. Жануарлар майларынан өсімдік майларын көбірек қабылдау астың қорытылуын жақсартады, организмде зат алмасуларын түзейді. Өсімдік майында еріген витаминдер, витаминдік құндылығымен қатар, организмдегі алмастырылмайтын май қышқылдарын тез тотығып кетуден сақтайды.

Организмде май алмасуларының бұзылыстары мына жағдайларда байқалады:

● ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылуынан;

● майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының .бұэылуынан;

● майлардың аралық алмасуының бұзылуынан;

● май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстарынан.

Майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары.

Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін:

● оның қалқыма түрге айналуы немесе эмульсиялануы (лат. еmulsus — сұйықта заттың ерімеген майда тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі);

● глицерин мен май қышқылдарына ыдырауы;

● өт қышқылдармен байланысқан қосындылар (холеинаттар) құруы - қажет. Сондықтан ұлтабарға өт түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабының қабынуы (холецистит) және өт шығарылу бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май, қалқыма түрге айналмауынан, сіңірілмейді.

Ұйқы безінің ферменттері (панкреатит, ұйқы безінің некрозы т.с.с. кездерінде) өндіріліп шығарылмағанда немесе тым аз шығарылғанында ұлтабарда майлардың май қышқылдарына, глицеринге дейін ыдыратылуы, содан олардың сіңірілуі бұзылады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуінің бұзылуы ішектердің шырышты қабықтарындағы эпителий жасушаларының қызметі төмендегенде немесе ашішектің толқи жиырылуы күшейгенде болады. Бұндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитаминоздар кездерінде байқалады. Ішек қабырғаларында фосфорлану үрдістері бұзылғанда (монойодсірке қышқылымен, флоридзинмен улану кездерінде, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының жеткіліксіздігінде майлардың сіңірілуі төмендейді. Тамақтың құрамында Са2+, Мg2+ иондары көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, майдың сіңірілуі азаяды.

Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы, сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан үлкен дәретте ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея(грек. stear- май, грек. гһео - ағу) дейді.

Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея — май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, экзема және авитаминоздар кездерінде) кездеседі.

Май сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Қалыпты жағдайда организмде көмірсулардың алмасу өнімдерінен майлар мен липоидтер түзіледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамиды. Сонымен қатар табиғи майлардың құрамына организмде алмастырылмайтын қанықпаған күрделі май қышқылдары (мысалы, линол-С18Н32О2 және линолен-СІ8НзоО2 қышқылдары) кіреді. Олар басқа май қышқылдарынан организмде түзілмейді. Организмде олардын жеткіліксіздігінен терінің созылмалы (некроздық т. б.) аурулары дамиды.

Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен нәруыздардың ішектерде ыдыратылуына теріс әсер етеді. Бұл жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға ішек сөлінің протеолиздік ферменттерінің әсері әлсірейді.

Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылыстары.

Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде, өкпеден және сүйек кемігінен бос май қышқылдары, ал бауырдан нәруызбен байланысқан майлар — липопротеидтер түрлерінде түседі. Хиломикрондар үшглицеридтерден, холестериннің әтірлерінен (эфирлерінен), фосфолипидтерден тұрады. Олар 98% майлардан және 2% нәруыздан тұрады. Бауырдан қанға үш турлі липопротеидтер түседі. Оларды тығыздығы бойынша: цребета-липопротеидтер немесе өте төмен тығыздықты липопротеидтер (ӨТТЛП), бета-липопротеидтер немесе төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) және альфа-липопротеидтер немесе жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) деп ажыратады.

Өте төмен тығыздықты липопротеидтер негізінен үшглицеридтерден, төмен тығыздықты липопротеидтер-холестериннен тұрады. Бұлар қан тамырларының атеросклерозын туындататын болғандықтан атерогендік липопротеидтер деп аталады.

Альфа-липопротеидтердің құрамы негізінен нәруыз бен фосфолипидтерден тұрады және олар қан тамырларының қабырғаларынан артық холестеринді бауырға тасымалдайды. Сондықтан бұл липопротеидтер қан тамырларында атеросклероз дамуына қарсы әсер етеді.

Қалыпты жағдайда қанда майдың деңгейі литріне 4-8 гр/л.(400-800 мг %), май қышқылдары - 0,3 - 0,8 ммоль (8 -23 мг%), холестерин – 4-10 (150-250 мг %), ммоль, ӨТТЛП - 1,5-2 грамм (150—200 мг%), ТТЛП – 3-6 грамм, мг %), ЖТЛП - 2,2-3,2 грамм (220-320 мг %), хиломикрондар - 0—0,5 грамм (50 мг %)-ке дейін болады.

Қанға түскен хиломикрондар өкпеде ұсталынады. Өкпе олардың артериялық қанға өтуін қадағалайтын липопектикалық қызмет атқарады. Өкпенің тыныстық қызметі төмендегенде (пневмоторакс, эмфизема) онда май ұсталып қалады. Керісінше, өкпенің тыныстық қызметі көтеріліп, өкпеде қан айналымы жоғарылағанда, хиломикрондар артериалық қаңға көп түсіп, май тініне жиналуы артады. Қанда хиломикрондардың бөлшегі липопро-протеидлипаза ферментімен (жарықтану факторы) ыдыратылады. Бұл фермент адипоциттерде, миокардиоциттерде, бұлшықет жасушаларында сүт безі жасушаларында өндіріледі. Ол қан қылтамырларының эндотелий жасушаларының сыртқы мембранасына жабысып, хиломикрондар мен ӨТТЛП-ден үшглицеридтерді ажыратады да, оларды бос май қышқылдарына және глицеролға дейін ыдыратады Май қышқылдары әлбумин мен β-липопротеидтердің сыртына сіңіп, ағзалар мен тіндерге тасымалданады. Бауырда бос май қышқылдарының бір бөлшегінен үшглицеглицеридтер, екінші жартысынан энергия түзіледі.

Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші болып гиперлипемия есептеледі. Бұл кезде қанда майдың мөлшері литріне 2 ммольден асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде және ретенциондық (грек. retentio - бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге шығарылуы кідіруінен) болып көрінеді.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.